Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен



Pdf көрінісі
бет50/160
Дата17.10.2023
өлшемі2,45 Mb.
#117673
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   160
Байланысты:
Аасыпкерлык

Тікелей факторингтің
ерекшелігі болып жабдықтаушы – 
экспортер алдында міндеттерді атқаратын бір фактордың болуы. Сонымен 
қатар факторингтік компанияның импортерға жеткізілген тауардың тӛлемі 
туралы талап қою қабілеті бар. 
 Тікелей факторинг 
келесідей болып бӛлінеді:
 


82 
ФАКТОРИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАР 
Жанама факторинг 
Тікелей факторинг 
Ішкі факторинг 
Тікелей 
экспортты 
Тікелей импортты 
Халықаралық факторинг 
Ашық факторинг 
Жасырын факторинг 
Кері талап қҧқығымен 
Кері талап қҧқығынсыз 
Алдын ала тӛлем
нысанында
Белгілі бір мерзімде 
талаптарды тӛлеу

тікелей импортты факторинг; 

тікелей экспортты факторинг. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
15 - сурет – 
Факторингтік операциялардың негізгі тҥрлері 
Тікелей импортты факторингта
жеткізуші – кәсіпорын талап ету қҧқығын 
импортер елінде орналасқан фактор – компанияға береді. Факторингтің бҧл тҥрі 
экспорт бір немесе екі елге жіберілген кезде қолданылады. Егерде экспортер 
тауарды кӛп елдерге жіберсе, онда басқа елдердің факторингтік 
компанияларымен бірнеше тікелей келісімшарттар жасасқаннан гӛрі, ӛз елінің 
факторингтік компаниясымен бір келісімшарт жасағаны ыңғайлы. 
Тікелей 
импортты факторинг
талаптарды қайта ҧсынуға ҥшін жедел 
қаржыландыруды талап етпейтін фирмалармен қолданылуы мҥмкін. 
Тікелей экспортты факторингтің
мәні жеткізуші ӛзі орналасқан елдегі 
факторингтік компанияға талап ету қҧқығын берумен сипатталады. 
Жанама факторингта

жеткізуші – экспортер елінде орналасқан
 
факторингтік компания, жеткізуші – импортер елінде орналасқан факторингтік 
компаниямен субфакторингтік келісімшарт жасайды. Соның нәтижесінде 
борышкер ӛзінің қызмет етіп отырған еліндегі фактор – компанияға қарыз 
сомасын тӛлейді, ал ол ӛз кезегінде жеткізуші елінде орналасқан факторингтік 
компанияға тӛлейді. Бірақ, субфакторинг келісімшарты бойынша мҧндай 


83 
борышты ӛтеуге факторинг келісімшартымен тыйым салынбаған жағдайда 
жасалады.

Факторингтік операциялар ашық
және 
жасырын 
деп екіге бӛлінеді. 
Ашық
факторинг
– егерде факторингтік компания сатып алу туралы талабын 
борышкерге ескерткен жағдайда туындайды. 
Жасырын факторингте
клиент 
ӛзінің сатып алушыларын ескертпей, факторингтік компаниямен келісімшарт 
жасайды. Жіктелудің аталған белгісі негізгі болып табылады, ӛйткені 
факторингтік операцияларды ҧйымдастыру келісішарт тҥріне байланысты 
болады. Бҧл жерде ҧстанымдық тҧрғыдан алғандағы ерекшелік, ол сатып 
алушы кәсіпорын ақшаны ақырында кімнің шотына тӛлейтігінде. 
Ашық
факторингте тӛлем 
тікелей факторингтік компаниямен
жҥргізіледі, ал 
жасырын
факторинг
кезінде – 
жеткізуші – кәсіпорынмен
жҥргізіледі, ӛйткені 
сатып алушы факторингтік компанияның қатысатыны туралы ескертілмеген.
Ашық факторингтің
тҥрі ретінде 
жартылай ашық факторинг
болады. 
Аталған жағдайда жеткізуші борышкерге факторингтік келісімшарт жасағаны 
туралы алдын – ала ескертпейді, бірақ оған шоттарды кӛрсеткен кезде, фактор 
– компаниямен жасаған келісімшартын және тӛлем жіберілетін шот номерін 
кӛрсетуге міндетті. 
Сонымен қатар, факторингтік келісім кері талап (
регресс) қҧқығымен
және 
кері талап (
регресс) қҧқығынсыз
болуы мҥмкін. 
Регресс қҧқығының
болуы 
сатып алушы ӛз міндеттемелерін орындаудан бас тартқан жағдайда, жеткізуші 
– кәсіпорыннан тӛленген соманы кері қайтаруға талап етуге мҥмкіндігі бар,
яғни аталған жағдайда несиелік тәуекел жеткізуші – кәсіпорында болады.
Егерде 
кері талап қҧқығынсыз
факторингтік келісім жасаған болса бҧл 
жағдайда факторингтік компанияға ақшалай талаптарды сатумен қатар несиелік 
тәуекел де беріледі.
Регресс қҧқығымен келісім жасау барысында жеткізуші – кәсіпорын 
факторингтік компанияға сатылған қарыз талаптары бойынша белгілі бір 
несиелік тәуекелде бола береді. Аталған жағдай әдетте, егерде жеткізуші ӛзінде 
кҥдікті қарыз міндеттемелері болмайтындығына сенімді болған жағдайда, 
немесе олардың ӛз сатып – алушы клиенттерінің несиеқабілеттілігін мҧқият 
тексеріп оң бағалаған жағдайда орын алады. Сондықтан да жеткізуші – 
кәсіпорын несиелік тәуекелді сақтандыру қажеттілігі бойынша қызмет кӛрсету 
шығындарын тӛлеуді қажет деп есептемейді.
Факторингтік келісімдер 
алдын – ала тӛлем тҥрінде
немесе 
белгілі бір 
мерзімге талаптарды тӛлеу тҥрінде
жеткізушіге несие беру туралы 
келісімдер арқылы жасалуыда мҥмкін.
Алдын – ала тӛлем туралы келісім 
жасаған жағдайда жеткізуші – кәсіпорынмен қайта табыстау бойныша 
талаптарының 80% аванс ретінде тӛленеді. Ал қалған бӛлігі сатып алушыдан 
қаражат тҥскеннен кейін факторингтік компания арқылы тӛленеді. 
Белгілі бір 
мерзімге талаптарды тӛлеу барысында 
қайта талап етілген қарыз 
талаптарының сомасы (шығындарды шегергенде) нақты бір мерзімге немесе 
белгілі бір уақыт ӛткеннен кейін жеткізуші – кәсіпорынға аударылады.
Факторингтік қызмет кӛрсету туралы келісім жеткізуші – кәсіпорын мен 
факторингтік компания арасында, әдетте бір жылдан тӛрт жылға дейінгі 


84 
мерзімге жасалады және оның мерзімі 
келесідей себептер бойынша 
тоқтатылуы мҥмкін
:

тараптардың ӛзара келісмі; 

факторингтік компанияның қалауы;

жеткізушінің қалауы; 

жабдықтаушының тӛлемқабілетсіздігі. 
Алдыңғы екі жағдайда жеткізуші қаражаттардың қандай да бір басқа кӛзін 
тауып , фактор – компанияның қайта табыстау талаптарын сатып алуы керек. 
Ӛз кезегінде, факторингтік компания сатып алушыларға, осы уақыттан бастап 
барлық тӛлемдер жеткізушілер пайдасы ҥшін жҥргізілетіндігін хабарлайды.
Факторингтік келісімде тараптардың әрқайсысының қҧқықтары мен 
міндеттері 
қарастырылуы 
керек: 
жеткізушілерге 
несиені 
ҧсыну 
процедуралары, қарыз талаптарын қайта табыстау мен оларды инкассалау, 
ӛзара талаптарды жҥзеге асыру тәртібі, несиелік тәуекелдерді сақтандыруды 
жҥзеге асыратын лимиттер сомасы және т.б. 
Келісімшартта, сонымен қатар жеткізушіден алынатын тӛлем кӛрсетілуі 
керек. Халықаралық тәжірибеде факторинг тәжірибесінде факторингтік
кәсіпорынның табыс алуының екі тәсілі қолданылады: 
дисконт тҥрінде
және 
кӛрсетілген қызметтер ҥшін сыйақы тҥрінде. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет