62
латын. Бәрі үнсіз. Мұғалім кінәліні іздеп, әр баланың
жүзіне көзін қадады.
– Бенджамин Роджерс, сен бе кітапты жыртқан?
Жоқ, ол емес. Тағы тыныштық.
– Джозеф Гарпер, сен бе?
Жоқ, ол да емес. Мұғалім балалардың қатарын қарап
болып, қыздар жаққа бұрылды.
– Эмми Лоуренс?
Қыз басын шайқады.
– Грейси Миллер?
Ол да солай.
Ендігі кезекте Бекки Тэчер. Томның қол-аяғы бірдей
дірілдеп кетті. Жағдай өте қиын еді.
Дәл осы сәтте Томның басына найзағайдай жарқ
етіп, бір ой келе қалды. Ол орнынан атып тұрып:
– Мұны жасаған мен! – деп айқайлап жіберді. Том
бір минуттай тұрды да, шашылған ойларын жинап, жа-
заны қабылдау үшін алға шықты. Беккидің көзіндегі
таңдану, алғыс оған берілген марапаттай еді.
Марк Твен
Орыс тілінен аударған Ф. Оңғарсынова
Достарыңызбен бөлісу: