Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған


 Мәтінді түсініп оқы. Есеннің кірпісі



Pdf көрінісі
бет7/99
Дата31.12.2021
өлшемі4,95 Mb.
#23387
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   99
Байланысты:
52 (1)

2. Мәтінді түсініп оқы.
Есеннің кірпісі
(Әңгіме)
Есен  үйінің  айналасында  зәулім  ағаш  көп.  Бірінде 
алма, бірінде алмұрт, тағы біреуінде моншақтай қызыл 
шие, уылжыған өріктер өсіп тұр. Ағаштардың арасын-
да қызғылт бүлдіргендер де жасыл жапырақ арасынан 
қылтиып бой көрсетеді. Есеннің аса бір күтетіні – өзі егіп 
өсірген  гүлден  тіккен  шатыр  сияқты  дөңгелене  өскен 
шоқ  ағаш.  Оның  ішіне  Қаби  екеуі  үйінен  тартылған 
айырмашылығы
ұқсастығы
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


10
электр сымына шам орнатты. Түнде оны жағып, екеуі 
сабаққа дайындалады.
Есеннің асыранды кірпісі электр шамы жанған кез-
де  ағаштардың  арасынан  шығып,  жаздық  күркедегі 
кереуеттің  астына  кіріп  кетеді.  Ол  кереует  астынан 
шығып,  қараңғы  түнде  жайнаған  электр  жарығына 
таңырқағандай  кішкене  тұмсығын  шығарып  қарап-
қарап тұрады да, қайтадан жиырылып қалады. Есеннің 
«кірпім-кірпім»  деген  дауысы  шыққанда  тұмсығын 
шығарып, азығын іздейді. Есен оның азығын күні бұрын 
дайындап қойып, үнемі оның қимылын бақылайды.
Есен кереуеттің бас жағында тұрған мандолинасын 
алып тартты. Мандолинаның дыбысы түнгі тынық кеш-
те өте ашық, әдемі еді. Біраздан соң кірпі домаланып 
кереует  астынан  шықты  да,  дыбысты  аңғарып,  тура 
Есеннің алдына келді. Сөйтті де әуенді анық тыңдағысы 
келгендей тұмсығын сәл көтеріп, аз тұрды. Кітап оқып 
отырған Қаби басын көтергенде:
–  Мына  кірпінің  тыңдап  тұрғанын  қарашы.  Әуен 
ырғағын сезеді өзі, – деді Есен күлімсіреп.
Сапарғали Бегалин


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет