Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған



Pdf көрінісі
бет91/99
Дата31.12.2021
өлшемі4,95 Mb.
#23387
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   99
Еңбекке жастан, өнерге бастан
47
ертегі
«Алтын балта»
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


118
– Мынау ма, балтаң? – дейдi тағы да кедейге.
– Бұл да емес.
Диiрменшi  үшiншi  рет  қолын  суға  малғанда,  қара 
темiр балта iлiгедi.
Сол кезде ғана кедей:
– Е, мiне, менiң балтам! – деп оған қолын соза бер-
генде, диiрменшi шал оны тоқтатып:
–  Шырағым,  дүниеқоңыз  емес,  ақпейiл,  адал  жан 
екен   сiң. Сол үшiн менен мына балтаны сыйға ал. Оның 
сен сияқты кедейге тигiзер пайдасы көп. Осы балта қо-
лың да  тұрғанда,  күнкөрiсiң  түзелер,  тез  арада-ақ  ел 
қатарына қосыларсың, – деп оған алтын балтаны бередi.
Кедей  бұл  балтаны  үйге  әкелген  күннен  бастап 
 құл  шы на  еңбек  етедi.  Алтын  балта  сиқырлы  балта 
екен, кедей отынды да өндiрте жарады. Сөйтiп, iсi оңға 
басады. Үйге береке кiредi. Мұны көршi бай да байқап 
қалады. Бiр күнi ол кедейден мұның сырын сұрайды. 
Кедей жасырмай, барлық болған оқиғаны айтып бередi.
Ендi қара балтасын ала салып, бай да отынға келедi. 
Ол  отын ды  шабар-шаппастан-ақ  шыдамай,  балтасын 
диiр мен  суына  лақтырып  жiбередi  де,  алып  бер  деп, 
диiрменшi шал ға келедi.
Шал судан алтын басты балтаны алып шығады.
Сол сол-ақ екен бай:
– Менiң балтам, мынау – менiң балтам! – деп, тұра 
ұмтылады.
Бiрақ диiрменшi шал оны кеудесiнен итерiп, тоқтата-
ды да:
–  Қоя  тұр,  құлқыны  тоймаған  қу  неме!  Мiне,  сенiң 
балтаң, – деп, байға өзiнiң темiр басты балтасын алып 
бередi.
Бай амалы құрып, үйiне қайтады.
Еңбегiмен  күнелткен  кедейдi  күндеп,  көре  алмай, 
iшқұса бол ған бай шаруасына да жөндеп қарай алмап-
ты. Тұрмы сы ның да берекесi кетiптi. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


119


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет