Қабағын қайғы жабады – қатты көңілсізденеді, мұңға батады.
Абай Құнанбаев орыс тілін жақсы білген. Бұл
оған орыс ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне ау-
даруына мүмкіндік берді. Абай Иван Крыловтың 13
мысалын аударған. Рас, олардың барлығын бірдей
бірыңғай таза аударма деу де қиын. Ақын негізінде
И. Крылов мысалының жалпы мазмұнын алады да,
өзінше еркін баяндайды.
3. Түсініп оқы, ақын туралы әңгімеле.
Абай Құнанбаев (1845–1904) Семей өңі-
ріндегі Шыңғыстауда дүниеге келген. Ол орыс
тілін жетік меңгеріп, орыс тілінде жазылған
әдеби шығармаларды көп оқыды. Орыс және
батыс ақындарының шығармаларын қазақ
тіліне асқан ше бер лікпен аударды.