36
рер емес. Жас ағаштың қабығын жалап үлгерді. Алмас
футболкасын шешіп алып, сонымен ұрды. Әзер дегенде
өшірді. Ақ футболкасы қап-қара күйе болды. Бір-екі
жері тесіліп те қалды. Оған өкінген жоқ. Әйтеуір іс
тындырды ғой.
– Жарайсың, балам! – деген дауысқа жалт қараса,
таяғына сүйенген қарт кісі екен. Ерте тұратындардың
бірі – осы кісі.
– Мына ағаш енді сенікі болсын, балам! – деді қарт.
– Өзің қарап, сақтап жүр енді. Атың кім?
– Алмас.
– Енді мұны «Алмастың ағашы» дейміз. Қай сынып-
та оқисың?
– Күзде екіншіге барамын.
– Ой, айналайын. Мен сені үшінші не төртінші
оқитын шығар десем… Таудай болып өсе бер, қарағым…
Ақ футболка ештеңеге жарамай қалды. Көкесі мен
апа сы бұл ісі үшін ұрысқан жоқ, қайта құптады. Алмас
әлі күнге дейін ерте тұрады. Мәдениет сарайын ай на ла
жүгіріп шынығады.
Мархабат Байғұт
Достарыңызбен бөлісу: