УАҚЫТ
Сұрақ қоя аласың және
жауабын білесің.
28
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
76
Қой айтады: «Мен болмасам, қазақ үйін немен жа-
бар еді? Жүнімді алып киіз істейді, жабағымменен киіз
тігеді, арқан-жіп еседі, сүтімнен құрт-май алады», –
дейді.
Ит айтты: «Мен болмасам, сендердің көбіңді не ұрлап,
не қасқыр жеп тауысар еді. Сендердің баршаларыңның
мен бақташыңмын, дұшпан көрінсе, үріп, абалап иеме
хабар беремін».
Тауық айтты: «Мен болмасам, кісі ерте тұрып
жұмысына бармай, ұйықтап қалар еді. Мен таңертең
тұрып шақырып, хабар айтамын «таң атты» деп. Көп
отырса, «жұмысыңнан қаларсың, жатар уақыт бол-
ды» деп, түн ортасында шақырамын, кеш болса, тағы
шақырамын, «мезгіл болды» деп», – дейді.
Тышқан не айтарын білмей тұрды да, бір түрлі
қулық ойлап, жиылған көпке айтты: «Бұл таласқанмен
ешнәрсе өнбес, күнді қарап тұралық та, кім бұрын
көрсе, сол жыл басы болсын», – дейді.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
77
Түйе өзінің бойына сеніп, «менен бұрын кім көреді»
деп, тышқанның сөзін қостап, бәрі қарап тұрады. Бі-
раз дан соң тышқан жор ғалап, түйенің үстіне шығып,
өркешінің басына мініп отырады. Мұнан соң күнді бәрі-
нен бұрын тышқан көріп, хабар беріп, жыл басы болған
екен.
«Түйе бойына сеніп жылдан құр қалды» деген сөз
осыдан қалған.
«Бабалар сөзі». Жүз томдық, 73-том
Достарыңызбен бөлісу: |