Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет131/141
Дата14.04.2022
өлшемі2,02 Mb.
#30976
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   141
Байланысты:
Қазақ әдебиеті 8 сынып

БАЯНДАУШЫ  БЕЙНЕСІ  –  әдеби  шығармада 
оқиғаны  әңгімелеп  айтушы,  сол 
оқиғаға қалайда қатысы бар, болған жағдайларда өз көзімен көрген адамның тұлғасы.
ГРАДАЦИЯ  (латын.  –  біртіндеп  көтеру),  яғни  дамыту  –  айшықтаудың  бір  түрі: 
алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды асыра, асқақтата түсу.  
ҒЫЛЫМИ ФАНТАСТИКА – фантастикалық әдебиеттің жетекші  саласы.
ДАСТАН (парс. сөзі – тарихи әңгіме, ертегі, батырлар жыры) – Таяу және Орта 
Шығыстың, Азияның, оңтүстікшығыстың әдебиеті мен фольклорындағы эпикалық 
жанр, өлең түріндегі уақиғалы шығарма.
ЕРТЕГІ – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанрының барлығына 
тән  ерекшелік:  бұлар  бұрынғы  өткенді  қиялмен  ұштастыра  болжайды,  сюжетті 
көркем әңгіме түрін де келіп, қарасөзбен беріледі.
ЖАНР  –  әдеби  шығармалардың  жеке 
түрлері,  көркем  әде биеттің  салалары. 
Орныққан жүйе бойынша әдеби шығар малар негізінен үш топқа бөлініп, жіктеледі: 
эпостық жанр, лирикалық жанр, драмалық жанр. Бұлар – әдебиеттің үш үлкен са
ласы, үш тармағы.
ЖЫРШЫ – ауыз әдебиетінің дәстүрін сақтаушы, батыр лық, тарихи, ғашықтық 
жырларды  айтып  таратушы.  Ірі  өнерпаз  жыршылар  жырларды  өзінше  өңдеп,  не 
суырып салып шығарып та айтқан. 
ИДЕЯ  –  әдебиет  шығармасында  өмірдегі  жайжағдайлар,  адам  тағдыры  баян
далғанда,  суреттелгенде  жазушының  сөз  болып  отырған  мәселелерге  қатынасы, 
көзқарасы да аңға рылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет