Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет3/141
Дата14.04.2022
өлшемі2,02 Mb.
#30976
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141
Байланысты:
Қазақ әдебиеті 8 сынып

Қымбатты жас дос!
 Көркемсөздің құдіретін бағалайтын халқымыз  қашанда сөз қадірін 
білген. Сөзді кие тұтып, оның қуатына бас иген. Осындай текті атадан 
тараған бүгінгі жас та өзінің әдебиетін – бабадан  қалған асыл мұрасын 
қастерлеуі заңдылық. 
8сыныпта  ежелгі  дәуір  әдебиетінен  бастап,  бүгінгі  күнге  дейінгі 
уақыттың көркем шығар маларын оқимыз. 
Сөздің қуатын даналық пен далалық дарқандыққа, еркіндік пен кең 
дікке,  адамгершілік  пен  парасатқа  бағындырып,  ұрпағына  үлгілі  сөз 
қал дырған біздің бабаларымыздың арманы болмас. 
Қазақ халқының бойындағы жауынгерлік рух пен бостандық сүйгіш 
мінез  жыраулар  шығармашылығында  жан  дүние  тазалығы  мен  туған 
жерге  деген  сүйіспеншілік  және  Отан  алдындағы  парыз  ұғымдарымен 
астасып берілді.
Жиырмасыншы ғасыр басындағы азаттыққа бар жан дүниесімен ұм
тылған  қазақ  әдебиетінің  өкілдері  жаңа  заманға  лайықты,  тың  тақы
рыпты туындылар тудырды. Бұл да халық тарихының әдебиетпен өрнек
телген ерекше тұсы болды. 
Тәуелсіздік  алғаннан  бергі  әдебиетімізді  сараласақ,  жаңа  леппен, 
жаңа  арна  тауып,  ерекше  қуатпен  дамып  келе  жатқанын  байқаймыз. 
Қазақ әдебиетіне тәуелсіздік не берді деген сұраққа азаттық аңсаған аға 
буын ұрпақтың асылы болған сөз еркіндігі деуге негіз бар. 
Жас дос! Байқасақ, біздің әдебиетіміз еліміздің басынан өткен тари
хын көркемдеп беретін ерекше құрал екен. Егер өз халқымыздың тарихы 
мен болашағы туралы, өзіміз туралы терең білгіміз келсе, сөз өнерімізді 
қадірлеп, бағалап, жақсы оқиық.
Биылғы оқу жылы сәтті өтсін! Осы оқу жылында рухымыз биіктеп, 
өреміз өсіп, біліміміз кеңейсін!
Туған елімізге еңбек ететін азамат болып қалыптасайық!
Оқулық авторлары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет