1-мәтін. Уақыты – 20 минут. Шалкиіз жырау (1465–1560) Қазақ жыраулық поэзиясының атасы –
Шал киіз Тіленшіұлы 1465 жыл шамасында Жа
йықтың шығыс бетінде дүниеге келеді. Жы рау
дың әкесі сахара байларының бірі болса, шешесі
кейін Кіші жүздің ұйытқысы болған, Сыртқы
Орда аталатын ұлыстың әмірі Мұса бидің қызы
екен.
Болашақ жырау үш айлығында анасынан
айырылады да, нағашы әжесінің қолына бері
леді. Сөйтіп, Шалкиіздің ДештіҚыпшақ жерін
жай лаған түркі руларының бірінен екіншісіне
көшкен бір ғасырға жуық сапары жөргектен
бас талады. Мұсылманша жақсы білім, сахара
сал тымен тамаша тәрбие алған Шалкиіз қай атырапта өсіп, ержетті – бұл
жағы белгісіз. Тек айдынды аламан ғана емес, арқалы жырау ретінде де
даңқы шыққан.
Шалкиізді 1490 жылдарда Ноғайлы әміршісі Темір бидің төңірегінен
көреміз. Шығармаларына қарағанда, осы кезде жырау бірде әскери жо
рықтар сапында, бірде әміршісінің нөкері қатарында Қырым, Терістік
Кавказ, Дон бойын тегіс аралап шығады.
Өз заманындағы саяси күрестердің ешқайсысынан сыртқары қал
маған Шалкиіз Ноғайлыда ХVІ ғасырдың 40жылдары басталған Жүсіп
пен Исмайылдың әйгілі тартысы кезінде Жүсіпті жақтайды. Алайда
дұшпандары тарапынан қуғынға, достары тарапынан күндеуге ұшыраған
жырау көп ұзамай нағашыларымен біржола араздасып, Қазақ Ордасына
қайта өтеді. Шалкиіз бір ғасырға жуық жасап, 1560 жылдарда қайтыс
болды деп шамаланады.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217