Қамажай. Сөйтіп... бұлар... келмейтін болды де.
Ермек. Әпке, олар келмей ме?
Қамажай. Иә, келмейтін болды. Жұмыстан... жұмыстан қолдары бо
самай жатыр екен. Кешірім сұрапты.
(Ермек телеграмманы қолына алып, орындық арқалығына сүйеніп, үнсіз тұрады). Ермек. Бұрын мына жерде Ом, мына жерде Тим отыратын еді. Енді
бәрі жоқ. Олар бізді енді сағынбайды.
Қамажай. Неге? Олар келеді. Жұмыстан қолдары босаған бойы
келеді. Бар, жуына ғой, тамақ ішеміз. (
Ермек басқа бөлмеге кетеді. Көр- ші әйел кіреді.) Олар әлі жоқ... Қайтеміз, тойды өзіміз өткіземіз де. Бүгін
көңілденетін күн еді, ән салатын күн еді. Амал бар ма! Нәзила да кешігіп
жатыр, қазір барам деп телефон соғып еді. Мейлі, бастай берейік.
Әйел. Ойбайау, саған не болған?! Қазір бәрі жиналады. Менің шалым
да киініп жатыр.
Қамажай. Келсе, келе жатар. Ашшы ана шампанды.
(Көрші әйел шампанды ашады). Қамажай. Құй. Өзіңе де. Маған да!
(Қамажай бокалдағы шампанды түгел ішіп салады. Әйел оған таңданып қарап қалған. Сол кезде барып жерде жатқан телеграмманы көріп, оны қолына ала береді. Үнсіз оқып шығады). Қамажай. Өзіміз
ақ өткіземіз. Өзімізақ! Олардың қолдары тимейді.
Өзімізақ... Өзімізақ!
Соңы 3-тапсырма. Драма жанрының ерекшелігіне байланыс ты сюжеттік же
лісін анықтап, эпилог пен прологты анықта.
4-тапсырма. Пьесаның идеясы мен пафосын анықтаңдар. Әпкенің
бауырларына деген қамқорлығын дәлелдеу үшін шығармадан үзін
ділер келтіріңдер.