ҚИЯЛ МЕН ШЫНДЫҚ
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
154
2-тапсырма. Әңгіменің толық нұсқасын хрестоматиядан оқы. Әңгімедегі
табиғат көрінісіне мән бер. Табиғат суреті мен кейіпкерлер әлеміндегі
үндесуді анықта.
Күй аңызы
Екі салт атты адырдың басына жележортып шықты да, аттарының
ба сын іркіп, алақан астынан алысты шолды. Төмен қарай көлбеп бара
жат қан кең жазықтың шетінде мұнартып оқшау тұрған жалаңаш тау
көрінді.
– Анау Ипан тауы ғой, – деді жас жігіт қамшысымен нұсқап. Жас
жігіттің дауысы аңсағанын көргендей қуанышты шықты.
...Қабағы кірбеңсіз, көңілі ашық көрінген ұстазын іштей кемірген
зор уайым бар екен.
...Кенет суалып қалған жырада жалғыз нар көрінді. Жолаушылар
үйреншікті мал емес, жапанда жалғыз қалған адам көргендей әлденеден
тітіркеніп, аттарының басын тежеп, іркіліп қалды. Нардың түрі жүдеу,
бүйірі солып, өркеші қамшылар жағына қисая бастаған. Тамыры қураған
ағаштай семіп, кішірейіп бара жатқан ірі тұлғасы, күйіс қайырмай,
қыбыр етпей тұрған мүсәпір бейнесі, әсіресе телміре қараған жасқа толы
үлкен мөлдір көзі екі күйшіге қатты әсер етті.
...Төбе құйқаны шымырлатып, зарлап боздап барады.
– Ботасы өлген боз іңген, – деп күбірледі Естемес атын тебініп қозғала
беріп. Ойынан енді ғана сергіп, Оразымбетке бұрылды.
– Көрмейсің бе, ботасы өлген ғой аруананың. Зары қандай ащы еді.
Түйе деген жануар баласын адамнан артық жоқтайды.
– Мен қорқып қалдым, – деп Оразымбет шынын айтты. – Киелі
шығар жануар...
– Нарымыз ұзап кетті ғой. Кәне, сол ойсылқараның соңынан ерелік,
бір қараға жеткізер, – күйші атын тебінді. Нар соңынан «әудем» жер
еріп отырған екі атты Ипан тауынан бергі ылдидағы қайнарда жұпыны
ғана жалғыз қараша үйді көрді. Нар үйге жеткенде басына үкілі тақия
киген, талдырмаш денелі қыз шығып, бұйдасын шешіп, есік алдындағы
қазыққа байлады. Екі атты да cay етіп келіп, аттан түсті. Қыз бала
қаймықпай жолаушылардың қасына келіп, ізетпен үйге шақырып,
Естеместің тізгінін алып, белдеуге өзі байлады.
– Әкемнің ұлы жоқ, айып етпеңіздер, – деді дауысы сыңғырлап.
...Түндігі бүркеулі қаракөлеңке үйдің ішінде жалғыз шалдан басқа
адам жоқ екен. Ол орнынан тұрып қонақтардың сәлемін алып, екі
күйшіні төрге отырғызды.
– Жаңылай, қалқам, түндікті ашшы, – деп дауыстады.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
155
– Ал, жол болсын, шырақтарым!
– Әлей болсын! Біз ел аралап жүрген күйші боламыз. Менің есімім –
Естемес. Мына жігіт – Оразымбет күйші.
– Өзім де шырамытып отыр едім. Ана жылы ел осы қайнарда отыр
ғанда екі күн күй тартып, құлақ құрышын бір қандырып кетіп еңау.
Осы кезде үйге Жаңыл кіріп, төменгі жаққа келіп отырды.
...Шал аз уақыт тұйықталып, төмен қарап отырды да, бір кезде ба
сын көтеріп алып:
– Естемес шырағым, – деді. – Өлімнен ұят күшті. Сен келгенде бір
тостаған сусын тауып бере алмай, жерге қарап отырмыз.
– Жоқ, ақсақал, сіз қиналмаңыз.
– Неге қиналмаймын, қарағым. Биылғы жұт елді титықтатып кетті
ғой. Арқалайтын да, асырайтын да жалғыз нарымыз анау жатқан. Ауыл
көшерде бошалап кетіп, ботасыз қайтты. Суалып қалды. Қаңсытып,
таңдайды кептіріп отыр, – деп шал ауыр күрсінді. Ойланып қалған шал
басын көтеріп алып, тағы да тіл қатты:
– Апырымай, осы мал жарықтықтың күйге елігетіні болады деуші
еді. Естемес шырағым, өнеріңді салып көрсең қайтеді?! Хақ тағала көз
жасымызды көрсе, кім біледі, нарымыз иіп кетер. Салшы өнеріңді,
қарағым. Қолымнан келсе, не сұрасаң да берейін.
– Не сұрасам да бересіз бе? – деп Естемес жалт етіп Жаңылға көз
тастады.
– Беремін, қарағым.
Жаңыл сытылып үйден шығып кетті.
– Ақсақал, сіз де елде жоқ қолқа салып отырсыз. Мен де елде жоқ
қолқа салайын. Осы күнге дейін жар сүймей келе жатыр едім…
Шал Естеместің қолқасын түсініп төмен қарап, ойланып қалды.
– Апырымай, мынауың шынында да елде жоқ қолқа екен, – деді
ол сәлден кейін. – Ай, бірақ сен де бір азаматсың ғой. Баламды қор
қылмассың. Сөзім сөз. Өнерің жетсе, тілегіңді бердім, қарағым.
Осы кезде Жаңыл есіктен қарап:
– Екі күйші өнерлеріңді бірдей салыңдар, – деді.
– Мейлі, болсын. Кәне, Жаңыл қарағым, нарыңды тұрғызып,
шелегіңді тоса бер, – деп Естемес домбырасын ұстап орнынан тұрды.
Жаңыл нарды үйге жақынырақ әкеліп байлады.
...«Апырымай, мына жануарды жібіту қиын болар» деп секем алып
қалды Естемес. Осы кезде Жаңыл келіп, түйенің мойнынан құшақтап, ба
сынан сипады. Нар сонда ғана селт еткендей болды. Естемес көзі тағы да
Жаңылға түсті. «Мал баласына осылай пейілің түскені… Жас та болсаң,
аса мейірбан боларсың» деп ойлап, күйшінің іші жылып кетті. Жаңыл
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
156
қарындағы шелегін алып, түйенің желініне тосып, саууға ыңғайланды.
Күйшінің жіті көзі қыздың әр қимылын қапысыз бағады.
...Әншейінде жайғасып малдасын құрып, тіпті шынтағына жастық
қойдырып тартатын күйші, қазір бір тізерлеп жүгініп отыра кетіп, сілтей
жөнелді. Домбыраны қатты қағып, нарды бір елең еткізіп алды да, күйді
бастап кетті. Алғашқы ырғағынанақ Оразымбет бұл жол үстіндегі өзі
тыңдаған күй екенін танып: «Ескеай, манағы тірелген жеріңде тағы да
тайып құламасаң не қылсын», – деп сескеніп қалды. Бірақ Оразымбет
бұл күдігін тез ұмытты. Ол енді алғашқы рет тосын күй тыңдағандай
көз шарасы үлкейіп, ерні түріліп елтіп қалған. Күйшінің мына тартысы
бөлек еді. Енді манағы мұңды әуеннің мағынасы артып, аяғы арманға
ұласып барады. Жібек сазды ырғақтың арасында домбыра ақырын ғана
күрсініп алғандай болады да, қайтадан сергіп, балапандай талпына
ды. Оразымбет лыпылдаған қанат сусылын естігендей де болды. Діріл
қаққан күй тарауы майда қоңыр сазды сарынға ауысты да, ақырындап
көтеріле берді. Күйшінің саусағы домбыраның сағасына таман келіп
безек қағып, күй аз бұлқынып жоғары өрледі де, суырылып барып,
асқақтап жүре берді. Күйшінің қиналған жерден өтіп кеткенін сезіп, Ора
зымбет: «Аһ, сабазың, шыңыраудан суырып шығардыау!» деп сүйсінді.
Алдынан кең өріс, алыс қиян ашылғандай оның да бойы сергіп қалды…
Естемес күйге елігіп, өзге дүниені ұмытып кетті. Талайдан бері арқаны
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
157
құрыстатып, кеудені кернеп, булықтырып жүрген нәрсе түйіні шешіліп,
қыртысы таралып, жанын сергітіп, әсем сазды күй болып дүниеге
келе жатыр. Сарылып іздегені оңай табылып, шиеленісіп қинағаны
тез шешіліп, күйші көңілі де күй қанатына ілесіп алысқа самғады.
Сәл иіліп, талдырмаш тұлғасы әсем майысқан қыз бұлдырап алыс
тап, биіктеп кетеді. Сонау көкжиектен, сағым арасынан сыңғырлап
күліп, еліктіре шақырғандай болады. Күйші көңілі соған талпынады.
Естемес қиялынан сергіп, нарға қарады. Нардың тақырдай қатып
қалған қайыс жоны жұмсарып, қан жүгіргендей. Денесіне тіршілік
дірілі еніп, бірекі рет қозғалып теңселгендей де болды. Жаңағы
қадалған қырқадан басын бері бұрып, үлкен көзі жасқа толып, жауды
рап тұр екен. Күйші осы кезде күй ырғағын баяулатып келіп, ақырын
дірілдетіп көтерді де, ботадай боздатып жіберді. Анадан айырылған жас
ботаның алғашқы зарлы үні үзіліпүзіліп шығады. Аруана осы тұста бір
ыңыранды. Естемес оны да домбыраның ішегіне іліп әкетті. Күйші көзі
Жаңылға түсті… Қыз нардың емшегін қысып ұстап қатып қалыпты.
«Апырау, бұл неге саумай тұр» деп ойлады Естемес. Нардың желіні
тырсиып барады. Естемес қыздың әдейі сау май тұрғанын байқады. Ке
нет оған бір суық ой келіп, шошынып қалды. «Екі күйші өнерлеріңді
бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің астары енді ашылып, есіне қайта
түсті. Дір етіп, бір шошынып қалған күй әлгі тапқан жаймашуақ
биігінен төмендеп, қайтадан мұңды сазға ауысып күңіреніп барады.
Сәлден кейін жалт еткен арманынан айырылып қалғандай күй тағы
бір талпынды. Естемес Жаңылға енді бір қарағанда, сығымдап қысқан
сүйріктей ақ саусақтың арасынан шымшымдап сүт тамып барады.
Күйшінің де көзінен жас тамып кетті. «Заманым өткен екен ғой!» –
деп аһ ұрып, жалт бұрылды да:
– Ар жағын сен тарт! – деп саңқ етіп, домбыраны Оразымбетке тастай
берді.
Оразымбет домбыраны қағып алып, жалғастырып тарта жөнелгенде,
нардың сүті де шелекке сауылдап құйыла берді.
Біз қайдан білейік, ел «Нар идірген» күйі осылай туыпты деседі.
Достарыңызбен бөлісу: |