Пір – діни қауымдастықтың басшысы, жетекшісі.
Тәхсил –
мұнда: оқу төлемі, қаражат деген мағынада. Қазақ ішінде қымыз ішіп, күзгі тәхсилгә қаражат жинап алу үшін мұғалімділікке шыққан Ғазиз есімді ноғай жігіт, жасы жиырма екілерде – ашық пікірлі ұсүл тағылымынан жақсы ғана хабары бар еді (М.Дулатұлы, Бақытсыз
Жамал).
Хадим –
мұнда: ескі, бұрынғы деген мағынада. Екі жылдай қазақ ішіне шығып, қазақтың сырын білгендіктен және де Сәрсенбайдың пікі- рін аңғарып сөйлескен уақытында өзін шіп-шикі ескі жолмен оқыған ха димі етіп көрсетті (М.Дулатұлы, Бақытсыз Жамал).
Хәттә (хатта) –
мұнда: тіпті, кейде деген мағынада. Хәттә Жамал сол қиссалардың бағзы бір өлеңдерін жатқа да біліп, бір ойынға бара қал са, «Жамал, өлең айт» дегенде тартынбай айтып салушы еді (
М.Дулатұлы, Бақытсыз Жамал).
Хилаф келмеу –
мұнда: қарсы келмеу деген мағынада. Себебі ол, «Аз уақытта мен бұларды түзей алмаспын, онан да бұларға хилаф кел- мей, өйтіп-бүйтіп қаражат жинап алайын», деп ойлады (М.Дулатұлы, Бақытсыз Жамал).