3-тапсырма. Ақынның табиғатқа деген махаббаты қандай сөздермен
берілген? Табиғаттың сұлулығын беретін сөздерді тауып, мағынасын
түсіндіріңдер. Кейіптеулерді тауып, табиғат бейнесін ашудағы олардың
орнын айтып беріңдер.
4-тапсырма. Поэманың екінші бөліміндегі оқиғаның өрбуіне назар
аударыңдар. Ақын ананың психологиялық жағдайын қалай берген?
Ана не себепті аққуға оқ атуға бел байлады?
5-тапсырма. Поэмадағы негізгі драмалық тартысты анықтап,оның
поэма идеясы мен пафосын ашудағы мәнін түсіндіріңдер.
6-тапсырма. Төмендегі қарамен жазылған өлең жолдарының мағынасын
тү сін діріңдер.