ДУЛАТ ИСАБЕКОВ
1942 жылы туған
Жазушы, драматург Дулат Исабеков 1942
жылы 20 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облы
сы Сайрам ауданында туған. Алғашқы әңгімесі
1963 жылы жарияланған. «Бекет» (1966), «Ащы
бал» (1969), «Мазасыз күндер» (1970), «Қара
шаңырақ» (1973), «Тіршілік» (1975) повестер мен
әңгімелер жинақтары, «Қарғын» (1980) романы
жарыққа шыққан. Көптеген шығармалары орыс
тіліне аударылып, «Полынь» (1978), «Отчий дом»
(1979), «Смятение» (1986), «Новоселье в старом
доме» (1986) деген атпен басылды. Драматургия
саласында «Ректордың қабылдау күндері» (1975),
«Әпке» (1977), «Ертеңді күту» (1979), «Мұрагерлер» (1982), «Алыстан
келген ананас» (1984), «Кішкентай ауыл» (1986), «Анасын аңсаған қыз»,
«Ескерткіш операциясы», «Ескі үйдегі екі кездесу», «Бонапарттың
үйленуі», «Мұңлық–Зарлық», «Амал мен айла», «Өкпек жолаушы» пье
салары сахналанып, Қазақстанда және бірқатар шетелдерде қойылды.
Дулат Исабеков шығармалары бойынша «Гауһар тас» (реж. Ш. Бей
сембаев, 1975), «Дермене» (реж. А. Әшімов, 1986), «Тауқымет» (реж.
Ұ. Қол дауова) көркем фильмдері түсірілді.
Достарыңызбен бөлісу: |