|
Тимур. Мамуля...Біз... мен үйленемін.
ҚамажайБайланысты: Қазақ әдебиеті 8 сыныпТимур. Мамуля...Біз... мен үйленемін.
Қамажай. Үйленемін?..
Сұлтан. Иә, үйленеді.
Нәзила. Осыған жетіп тындым де... Қош бол, бостандық!
Қамажай. Кімге?
Тимур. Камаға.
Пауза.
Қамажай.
Мен... мен не дейін. Бақытты болыңдар. Бірақ...
Тимур. Мамуля. Ом. Наз. Гауһар – сен де. Сендер, немене, менің
үйленгеніме қуанбайсыңдар ма? Бәрің құшақтап... былай... бетімнен
сүйіп, құттықтайтын шығар деп алыпұшып келсем... Қайғылы хабар
естігендей тұнжырадыңдар да қалдыңдар. Мен сендерге бөтенмін бе?
(
Білегіне маңдайын қойып, қабырғаға сүйенеді).
Қамажай (
көзіне жас алып). Теміржан, қой, мұңайма! (Келіп оны
құшақтап, маңдайынан сүйеді). Сені... сені бөтен деп... Тойды жасай
мыз, дүрілдетіп тұрып жасаймыз. Ақша деген табылады...
Тимур (
басын көтермейді). Менің Госстрахта ақшам бар...
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|