Сөздік Алдаспан – қылыш.
Аспан егiледi – аспан жылағандай күйге түседi.
Атәбзелдері – атқа міну үшін және шаруашылықта пайда-
лану үшін қолданылатын құрал-жабдық түрлері.
Бастау – жерасты суларының жер бетіне шығатын көзі.
Оны «бұлақ» деп те атайды.
Безек қағады – жаны ауырады, шырылдайды.
Безеріп – қатігезденіп, жек көріп. Бейхабар – хабарсыз.
Бұйымтай – өтініш. Ғарыш – ауасыз кеңістік, аспан әлемі.
Естелік – өмірде шынайы болған атақты тұлғалар мен
оқиғалар жайында көзбен көріп, куәгер болған адамдардың
баяндап беруі.
Жанабында – маңайында. Жарнама – ақпаратты тиімді бағытта тарату.
Жасымаған – көңiлi босамаған, әлсiздiк көрсетпеген.
Зымыран – ғарыш кемесі.
Көде – шөптің аты.
Көк өрімдей – жап-жас.
Көл тынып – көл тып-тыныш күйге түсiп.