7
Қазыбек екі әйелді мұқият тыңдайды. Сосын ойла-
нып отырып қалады. Сәлден кейін:
– Бірің балаңды жоғалттым, енді бірің таптым
дейсіңдер. Бірақ оның шын-өтірігін білетін куә жоқ.
Сондықтан мынадай билік еткім келеді, – дейді Қазы-
бек би.
Ол баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып қояды
да, өзі алдаспанды жоғары көтереді.
– Екеуіңе баланы қақ бөліп берейін, осыған риза-
сыңдар ма? – дейді.
Сонда балаға ие болып жүрген әйел:
– Біреуге тірі бергенше, жартысы болса да, өзімде
қалсын. Бөлсең, бөл! – дейді безеріп. Ал баланы таныған
әйел:
– Ойбай, биеке-ай! Қайда жүрсе де, тірі болсын, ша-
ба көрмеңіз! – деп безек қағады.
Сонда Қазыбек би:
– Бала мына жоғалтқан әйелдікі екен. Өйткені бала-
ның амандығын тілеп тұр. Баласын өзіне бер, – деп
билік айтыпты.
Серік Негимов. «Шешендік сөздер» кітабынан
Достарыңызбен бөлісу: