Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған


 Сүлеймен патша киелі суды ішуден неге бас тартты? Пікір  білдір.  4



Pdf көрінісі
бет69/108
Дата31.12.2021
өлшемі4,27 Mb.
#23385
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   108
3. Сүлеймен патша киелі суды ішуден неге бас тартты? Пікір 
білдір. 
4. Суға қатысты тыйым сөздерді жалғастырып жаз. 
1. Түнде су төкпе. 
2. ...
3. ...
4. ...
5. ... 
5. 
Суды  үнемдеу  дегенді  қалай  түсінесің?  Осы  бағытта 
қандай  ұсыныстар  айтар  едің?  Топ  алдында  сөйлеуге 
дайындал.
Суды қалай ішеді?
Мәтінді сахналайсың.
1. 
Су сөзіне қатысты 5 сөз және 5 сурет ойластырыңдар.
2. Өлеңді рөлге бөліп, мәнерлеп оқуға жаттық. 
84
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


90
Жануарлар суды қалай iшедi?
Жылқы
– Жан-жағына елеңдеп,
Үзiп-үзiп iшедi.
Тұнық суға тереңдеп,
Жүзiп-жүзiп iшедi.
Себебi не сондағы?
– Тым талғампаз болғаны.
Қой
– Бас алмастан сiмiрiп,
Демде қанып алады.
Томпаң-томпаң жүгiрiп,
Өрiске ұзап барады.
Себебi не сондағы? 
– Адал, момын болғаны.
Түйе
 Ұзын мойнын қашыққа
Бұрып тұрып iшедi.
Асық, мейлiң, асықпа,
Тұрып-тұрып iшедi.
Себебi не сондағы?
– Сабырлы, нық болғаны.
Ешкi
Қойларменен таласып,
Иықтасып iшедi.
Әркiмге бiр жанасып,
Тиiп-қашып iшедi.
Себебi не сондағы?
– Ұшып-қонба болғаны.
су ішу
сусын
мәтінді сахналау
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


91
Сиыр
Қара мұның айласын,
Байқап-байқап iшедi.
Шаңырақ мүйiз дәу басын
Шайқап-шайқап iшедi.
Себебi не сондағы?
– Сәл мазаңдау болғаны.
Ит
– Шашыратып, шығындап,
Жалап-жалап iшедi.
Жан-жағына ырылдап,
Қарап-қарап iшедi.
Себебi не сондағы?
– Тым қызғаншақ болғаны.
Мысық
– Көзiн жұмып көлгiрсiп,
Жалап-жалап iшедi.
Бәрiн өзi бiлгiрсiп,
Санап-санап iшедi.
Себебi не сондағы? 
– Сонша сараң болғаны.
Сейiл Боранбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет