122
«Не сыйлауға болады?» деген ой мазалай берді. Әрі
ойлап, бері ойлап, кітап пен айна алуға тоқтағанда,
ақшасы жоқ екені есіне түсті.
Енді не істеу керек? Ол соны ойлай жүріп, үй ішін
жинады.
Заттарды айнадай етіп, ысқылап сүртті.
Шаршаған Роза диванға жатып еді, лезде ұйықтап
кетті. Ұйықтап жатып, түс көрді. Түсінде ол анасына бар
сырын ақтарды. Өзінің ақша таба алмай қынжылғанын,
үйдің ішін ретке келтіргенін айтты. Ойына келгенді
бүккен жоқ.
Күлімдеген анасы:
– Бүгін сабақтан қандай баға алдың? – деп сұрады.
– Екі бес, ана.
– Міне, тамаша сыйлық! Менің туған күніме мұнан
артық
сыйлық бола ма екен, қарғам-ау!
Анасы бетінен сүйді. Роза қуанып кетті.
– Ана, ренжімейсіз ғой, ә. Онда туған күніңізбен
құттықтаймын, ана!
Осылай дей бергенде, Роза оянып кетті. Қараса, ана-
сы бас жағында отыр. Түс көргенін айта бастап еді,
бәрін сезген анасы жымиды да:
– Қызым-ау, үй-ішіне қолғабысыңды тигізіп, әрі
сабақты жақсы оқығаныңнан асқан сыйлық бар ма
анаң үшін! – деп, оның басынан сипады.
Роза түсінің шындыққа айналғанына қуанды.
Әбді Шынбатыров
Достарыңызбен бөлісу: