12
не өсиет сұрай сың? – деп, ештеңе айтқысы келмейдi.
Бiрақ бiрбет кей Қазыбек шешен Әнет бабаның бiр ауыз
ақылын тың дамай еш жаққа кетпейтiнiн бiлдiредi.
Сонда Әнет баба Қазыбек шешеннiң бұл қылығына күле
қарап:
– Болмадың ғой, айтайын, – деп сәл ойланып, –
«әкiм» деген сөздi жадыңа сақта, – дептi. Қазыбек Әнет
бабаға ризашылығын бiлдiрiп, жора-жолдасын қасына
ертiп, елiне қайтады. Ол жол-жөнекей өзiмен ерiп келе
жатқан нөкер лерiнен:
– Әнет бабаның қандай өсиет айтқанын ұқтыңдар
ма? – дейдi. Бiрақ бұл сұрағына ешкiм үндемейдi. Сон-
да Қаздауыс ты Қазыбек Әнет бабаның айтқан өсиетiн
былай деп шешiптi:
– «Ә» дегенi – әдiл бол;
«К» дегенi – күншiл болма, көпшiл бол;
«I» дегенi – iлтипатты бол;
«М» дегенi – менмен болма, мейiрман бол, – дегенi.
Әнет бабаның сол өсиетi ел арасына кең тарап, ұрпақ-
тан-ұрпаққа мұра болып қалыпты.
Балтабай Адамбаев. «Халық даналығы» кітабынан
Достарыңызбен бөлісу: