23
• Суреттегі жыл мезгілін сөзбен сипатта.
2. Мәтінді түсініп оқы.
Бәрібір өкінбеймін
Біздің Сайқан, Сауыр таула-
ры тұнып тұрған сұлулықтың өзі
сияқты. Тек асқар-асқар таулар
мен ну ормандар, сарқыраған ақ
көбік өзендер… қиялды еріксіз
қозғайды. «Ақ қағаз бетіне
қара қарындашпен бірдеңені
саласың ба, қайтесің?» деп маза
бермейді-ау, маза бермейді.
2–3-сыныптан бастап сурет сала бастадым. Онда да
қайбір қиратып тастады дейсің – қисық қарағайлар,
ақсақ аюлар деген секілді. Мұғаліміміз Кәрім Ақтаев
бәрібір мені мақтап қояды:
«Гүл ашқан алма».
Әбілхан Қастеев
сурет өнері
суретші
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
24
– Бұл баланың көкірегінде көзі бар, – деп. Бірте-
бірте әлгі қисық қарағайлар түзеліп, аюымның жүрісі
оңала бастады. Енді сыныптағы қыздардың бейнелерін
сала бастадым. Сонымен сыныптың, тіпті мектептің
суретшісі болып алдым.
– Өскенде кім боласың? – дегендерге бірден жауап
беремін. Тіпті ойланбаймын да:
– Суретші боламын. Әбілхан Қастеев сияқты.
– Бәрекелді! – дейді олар.
Ол кез арман орындала бермейтін қиын жылдар еді.
Жер аяғы алыс, Алматы одан да қиыр, қаражат жоқ
дегендей… Суретші болсам деген арман орындалма-
ды. Бір-бір сурет альбомдарым сыныптағы қыздардың
қолтығында кетті.
Кейін жазушы болдым. Шығармаларымды оқыған
суретші достарым: «Сенің жазуыңнан суретшінің қол-
таңбасы ап-айқын білініп тұрады. Әсіресе табиғатты су-
реттеген кезде. Қолмен сызғандай», – десіп жүреді.
Кім біледі, рас шығар. Әйтеуір, суретші бола алма-
ғаныма көп өкінбеймін. Өйткені суретшілік пен жазу-
шылық ұқсас, тіпті егіз мамандық сияқты.
Марат Қабанбай
Достарыңызбен бөлісу: