Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған


 Зергерлік өнерге қатысты кесте бойынша сөйле. Білемін



Pdf көрінісі
бет24/108
Дата31.12.2021
өлшемі4,27 Mb.
#23385
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   108
7. Зергерлік өнерге қатысты кесте бойынша сөйле.
Білемін
Білдім
Білгім келеді
8. Ғаламтордан немесе энциклопедиядан халқымыз тобылғы 
мен қамшыны неліктен қастерлегені туралы мәліметтер жинас-
тыр.
1. Түсініп оқы. Пікір білдір.
1. Ат – ердің қанаты.
2. Жылқы – малдың патшасы.
3. Жылқының сүті – шекер, еті – бал.
 2. Өлеңді тыңда.
       Атқа міндім
Шүу, жануар!
Бұл менің – алғаш атқа мінгенім.
Желдірмек боп атымды,
Қысып қалдым тақымды. 
Атым желіп жөнелді,
Қайтсем екен мен енді?
Батылдық жоқ жаңағы,
Зәрем ұшып барады. 
Ойыңды көркемсөздермен 
жеткізесің.
Ат – ер қанаты
59
атқа міну
ұлттық ойын
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


32
Қыза түсті құрғыр ат,
Құлақ кетті шыңылдап. 
Ат жалына жабысып,
Қолым қалды қарысып.
Тізгін жоқ сол қолдағы,
Қамшым жоқ оң қолдағы.
Құламасам болғаны,
Жыламасам болғаны. 
Дүңкілдетіп даланы, 
Атым шауып барады.
Күшімді сап ақырғы,
Қыса түстім тақымды. 
Жер шетіне жеттім бе, 
Мен ештеңе білмеймін,
Жоқ, енді атқа мінбеймін. 
Ақыры атым тоқтады, 
Қарсыдан жел соқпады. 
Қорқынышым басылды, 
Біткен құлақ ашылды. 
Сол манағы қалпында
Киіз үй тұр артымда.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


33
Атам да тұр орнында.
Құстай ұшқан сияқты ем, 
Ұзамаппын бірақ мен
Қорыққанымды жаңағы,
Жұрт білмесе жарады…
                      
 Қастек Баянбай
3. Түсініп оқы, өлеңнің авторы туралы әңгімеле.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет