216
Мыналардың нотариалдық әрекеттерге құқығы бар:
1)мемлекеттік және жеке меншік нотариустары;
2)жергілікті атқарушы органдардың нотариалдық қызмет
атқаруға өкілеттігі бар лауазымды адамдары;
3) Қазақстан Республикасының атынан консулдық міндетті
атқарушы адам;
4)өзге де өкілетті адамдар.
Нотариалдық қызмет мынандай принциптерге сәйкес құ-
рылады:
1)нотариустардың тәуелсіздігі және олардың тек Заңға ғана
бағынатындығы;
2)жеке және заңды тұлғалар жасаған нотариалдық әрекеттер
құпиясын сақтау кепілдігі;
3)мемлекеттік және жеке меншік нотариустар құқығының
теңдігі.
Нотариусқа қойылатын талаптар:
1)Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2)заңгерлік жоғарғы білім;
3)кемінде 2 жылдық заңгерлік жұмыс стажы;
4)мемлекеттік немесе жеке меншік нотариустың көрігінен
өту;
5)Әділет біліктілік алқасына біліктілік емтиханын тапсыру;
6)нотариалдық қызметпен айналысуға құқық бретін лицензия
(мемлекеттік нотариустарды қоспағанда).
Нотариустың көмекшілері мен стажерлары болуы мүмкін.
Әділет министірлігінің жеке меншік нотариустарына лицензия
әділет біліктілік алқасының ұсынымы бойынша беріледі. Жеке
меншік практикамен айналысатын нотариус Нотариалдық
Палатаға мүше болуға тиіс. Соңғысы нотариалдық округ аума-
ғында құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: