Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


Азаматтық заңдар және олардың жүйесі



Pdf көрінісі
бет79/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

16.3.Азаматтық заңдар және олардың жүйесі.
1.Азаматтық заңдарда 1994 жылы 27 желтоқсанда он үшінші 
сайланған ҚР Жоғарғы Кеңесінің ІІ сессиясы қабылдаған жаңа 
Азаматтық кодекс ерекше орын алады.Азаматтық кодекске 1996 
жылғы 15 шілдедегі,1997 жылғы 5 наурыздағы, 1997 жылғы 2  
шілдедегі,1997 жылғы 11 шілдедегі, 1998 жылғы 2 наурыздағы 
заңдармен өзгерістер енгізілгенін тексеру қажет.
Азаматтық Кодекстің 3-бабында ҚР азаматтық заңдарының 
жүйесі  анықталған.Ең  алдымен,  ол  жалпы  республикалық 
болып  табылады  және  Азаматтық  кодекстен,  соған  сәйкес 
қабылдаған ҚР  өзге де заңдарынан,ҚР Президентінің заң күші 
бар жарлықтарынан,Парламенттің қаулыларынан, Парламенттің 
Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан,сондай-ақ Азаматтық 
Кодекстің 1- бабының 1,2 тармақтарында аталған қатынастарында 
реттейтін  ҚР  Президентінің  жарлықтарынан,  ҚР  Үкіметінің 
қаулыларынан тұрады.
Сонымен, азаматтық құқық нормалары заңдарда, нормативтік 
құқықтық  актілерде  және  заңға  сәйкес  нормативтік  актілері 
бекітілуі мүмкін.Бұл орайда «Нормативтік құқықтық актілері 
туралы»  1998  жылғы  24  наурыздағы  ҚР  Заңына  сәйкес  бұл 
нормативтік құқықтық актілердің бәрі олардың заң күшіне қарай 
белгілі бір қатаң иерархиялық жүйе бойынша орналасады.
2.Заң актілері.Заңдардың арасында 1995 жылғы Қазақстан 
Республикасы Конституциясының мейлінше жоғары заң күші 
бар, оның-бабында ҚР қолданылатын құқық Конституциясының, 


259
соған сәйкес заңдардың,өзге де нормативтік құқықтық актілер-
дің, республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндет-
темелердің, сондай+ақ Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы Соты 
нормативтік қаулыларының нормалары да белгіленген.
ҚР  Конституциясында  азаматтық  құқық  нормалары  бар.
Атап  айтқанда  -  бапта  Қазақстанда  мемлекеттік  меншік  пен 
жеке меншіктің танылатыны және тең дәрежеде қорғалатыны 
белгіленген. Азаматтардың жеке меншігі мәселелері Конституция-
сының 26-бабында неғұрлым тәптіштеп баяндалған.Азаматтың 
ар-ожданы, қадір қасиеті және абыройлы есімі, оның бостандығы 
мен жеке өміріне ешкімнің тиіспеуі, жеке және отбасылық құпия, 
хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, почта, телеграф және өзге 
де хабарлар сияқты рухани қазыналар жөнінде туындайтын жеке 
мүліктік қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізі ҚР 
Конституциясының 16-18 баптарында жатыр.
Біз бұған дейін 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылданған. 
Заң  күші  жағынан  азаматтық  құқық  қатынастарын  реттеуде 
мейлінше  маңызды орын алатын ҚР Азаматтық Кодексін атап 
өткенбіз.Азамттық  Кодекс  1995  жылғы  1  наурыздан  бастап 
күшіне енгізілді.Ол 405-бапты біріктіретін 24 тараудан тұрады.
Оның сипатты белгісі оған нарықтық экономика жағдайындағы 
азаматтық айналымға арналған нормативтік базаның негіз етіп 
алынғаны болып табылады.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» ҚР Заңына сәйкес заң 
актілеріне: конституциялық заң,ҚР Президентінің конституциялы 
заң күші бар жарлығы, кодекс, заң, ҚР Президентінің  заң күші 
бар жарлығы,ҚР Парламентінің қаулысы,Сенат пен Мәжілістің 
қаулылары жатқызылған.
«Қазақстан Республикасының Президентіне және жергілікті 
әкімшіліктердің басшыларына қосымша өкіліктерді уақытша беру 
туралы» 1996 жылғы 10 желтоқсандағы ҚР Заңына сәйкес, ҚР 
Президентіне жаңадан сайланған ҚР Жоғарғы Кеңесінің бірінші 
сесиясы жұмысын бастаған мерзімге дейін  Конституцияның 
негізінде және оны орындау үшін заң күші бар актілер шыңаруға 
құқық берілді.Жоғарыда аталған заңның 1-бабында бұл актілер 
ҚР  тиісті  заңдары  қабылданғанына  дейін  қолданылады  деп 
белгіленген. Сөз жоқ, азаматтық құқық үшін ҚР Президентінің 
мынадай заң күші бар Жарлықтарының зор маңызы бар: 1995 
жылғы  17  сәуірдегі  «Заңды  тұлғаларды  мемлекеттік  тіркеу 


260
туралы»,1995 жылғы 2 мамырдағы «Шаруашылық серіктестіктері 
туралы», 1995 жылғы 31 тамыздағы  «ҚР банктер және банк 
қызметі туралы»,1995 жылғы 3 қазандағы «Сақтандыру туралы», 
1995 жылғы 5 қазандағы «Өндірістік кооператив туралы»,1995 
жылғы 23 желтоқсандағы «Жылжымайтын мүлікке және онымен 
жасалатын  мәлімелерге  құқықтарды  мемелекеттік  тіркеу 
туралы»,1995 жылғы 22 желтоқсандағы «Жер туралы», және 
басқалар.
3.Заңға  сәйкес  нормативтік  актілер.ҚР  Президентінің 
заң  күші  бар  жарлықтарымен  қатар,Президенттің  азаматтық 
құқық  нормалары  бар  әдеттегі  жарлықтары  болады,мысалы, 
Президенттің «Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік 
қызмет  еркіндігіне  құқықтарын  қорғау  туралы»  1998  жылғы 
28 сәуірдегі Жарлығы».
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары да заңға 
сәйкес  нормативтік  акті  қатарына  жатады,олардың  көбінде 
азаматтық құқық нормалары болады.Мәселен, ҚР Министрлер 
Кабинетінің  мына  қаулыларын  атауға  болады:1994  жылғы  7 
қыркүйектегі  «Дәрменсіз мемлекеттік кәсіпорындары қаржы-
экономикалық сауықтыру, қайта ұйымдастыру, тарату жөніндегі 
шараларды іске асыру туралы»,1996 жылғы 19 сәуірдегі «ҚР 
аумағында сақтандыру қызметін лицензиялау туралы ережені 
бекіту туралы», 1996 жылғы 27 мамырдағы «ҚР жер қойнауын 
пайдаланушылармен келісімшарттар жасасу және оларды орындау 
жөніндегі ҚР Үкіметінің Құзыретті органы  туралы ережені бекіту 
туралы»,1996 жылғы 27 мамырдағы «Пәтер иелерінің тұтыну 
кооперативтерін және тұрғын үй-жағдайлардағы тұрғын емес 
жайларды дамыту жөніндегі шаралар туралы», 1996 жылғы 6 
маусымдағы «Ипотекалық несиелерді қамтамасыз етуде  жер 
учаскелері мен жер пайдалану  құқығына жеке меншік құқығын 
беру тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулылар.
Қазақстан  Республикасы  министрліктерінің,мемлекеттік 
комитеттері ен ведомстволарының нормативтік  актілерінде де 
азаматтық құқықтық нормалар болуы мүмкін.Олар ведомстволық 
нормативтік құқықтық актілер деп аталып кеткен және оларды  
тіркеу 1994 жылғы 16 наурызда ҚР Министрлер Кабинетінің 
қаулысымен бекітілген «Ведомстволық нормативтік актілерді 
мемлекеттік  тіркеу  тәртібі  туралы»  ереже  негізінде  жүзеге 
асырылады.


261
Азаматтық  кодекстің 3-бабының 5 –тармағында Азаматтық 
кодексте және азаматтық заңдарының өзге де актілерінде көз-
делген жағдайлар мен шекте министрліктері мен өзге де орталық 
атқарушы органдар жергілікті өкілді және атқарушы органдар 
азаматтық қатынастарды реттейтін актілер шығара алады деп 
белгіленген.
Ведомстволық  азаматтық  құқықтық  нормативтік  актілер 
алуан  түрлі.Мысал  үшін  1994  жылғы  10  қазанда  ҚР  Қаржы 
Министрінің Бұйрығымен бекітілген «Тәркіленген,иесіз мүлік-
ті,  мұрагерлік  құқығы  бойынша    мемлекетке  өткен  мүлікті, 
көмбелерді, олжаларды, сондай-ақ қымбат металдар мен асыл 
тастардан  жасалған  бұйымдарды  есепке  алу,  бағалауға  және 
сату тәртібі туралы нұсқауды» атауға болады.
ҚР аумақтарын салу, тұрғын үй және құрылыс салу министрлігі 
1994  жылғы  30  наурызда  «Бас  мердігерлер  ұйымдарының 
кіші  мердегерлік  ұйымдарымен  өзара  қатынастары  туралы 
ережені»,1994 жылғы 9 наурызда «Қазақстан Республикасындағы 
күрделі құрылысқа мердігерлік шарттар туралы уақытша ережені» 
және 1994 жылғы 7 қазандағы «Құрылыста мердегерлік конкурстар 
мен сауда-саттық әзірлеу мен өткізу жөніндегі уақытша ережені» 
бекітті.
4.Азаматтық заңдар және халықаралық құқық нормалары. 
1995 жылғы ҚР Конституциясының 8-бабында былай деп баянды 
етілген:  «Қазақстан  Республикасы    халықаралық  құқықтың 
принциптері мен нормаларын құрметтейді,мемлекеттер арасында  
ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау,олардың 
теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпайды, халықаралық 
дауларды  бейбіт  жол  мен  шешу  саясатын  жүргізеді,  қарулы 
күшті бірінші болып қолданудан бас тартады».
Конституциялық ережелер бұдан әрі Азаматтық кодексін 
дамытады.  3-баптың  8-тармағында    маңызды    принциптері 
бекітілген.Егер  Қазақстан  Республикасы  қатысушысы  болып 
табылатын халықаралық шартта Қазақстан Республикасының 
азаматтық    заңдарындағыдан  өзгеше    ережелер  белгіленген 
болса, аталған шарттың ережелері қолданылады.Халықаралық 
шартта  оны  қолдану  үшін  республика  ішінде  құжат  шығару 
талап етілгеннен басқа жағдайларда, азаматтық қатынастарға 
Қазақстан  Республикасы  қатысушысы  болып  табылатын 
халықаралық шарттар тікелей қолданылады.Жоғарыда аталған 


262
ереженің  Қазақстанның дүниежүзілік экономикаға енуі үшін 
зор маңызы бар.
5.Азаматтық заңдар, іскерік дағдылар, іскерлік айналым 
ғұрыптары, мораль және адамгершілік ережелері. Азаматтық 
кодекстің  3-бабының 4-тармағында азаматтық қатынастар ғұ-
рыптарымен, соның ішінде, егер Қазақстан Рспубликасының  
аумағында  қолданылатын азаматтық  заңдарға қайшы келмесе, 
іскерлік айналым ғұрыптарымен реттелетін ережелермен бел-
гіленетін атап өту маңызды.
Азаматтық кодекстің 272-бабында іскерлік дағдылардың 
қолданылу мүмкіндігі көзделген.Атап айтқанда, міндеттеме тиісті 
түрде, міндеттеменің ережелері мен заңдарының талаптарына 
сәйкес, ал мұндай ережелер мен талаптар болмаған жағдайда 
іскерлік айналым ғұрыптарына немесе әдетте қойылатын өзге 
де  талаптарға  сәйкес  орындалуға  тиіс.Сонымен,  азаматтық 
айналымда орныққан мінез-құлық ережелері іскерлік дағдылар 
деп түсініледі.Бүгінгі таңда кәсіпкерлік қызмет саласында іскерлік 
айналым  ғұрыптары  кең  таралып  отыр.Ресей  Федерациясы 
Жоғарғы сотының Пленумы мен Ресей Федерациясы Жоғарғы 
төрелік  соты  Пленумының  1996  жылғы  1  шілдедегі  «Ресей 
Федерациясының Азаматтық кодексі бірінші бөлімнің қолданылуы 
байланысты кейбір мәселелер туралы» қаулысының 4-тармағында 
мынадай түсіндірме беріледі.Азаматтық кодекстің 5-бабына сәйкес 
іскерлік қызметтен туындайтын дауды шешу кезінде  соттың 
қолданылуы  мүмкін  іскерлік  айналым  дағдысы  да  заңдарда 
немесе шартта көзделмеген, бірақ қалыптасқан, яғни мазмұны 
жағынан жеткілікті дәрежеде айқындалған, кәсіпкерлік қызметтің 
қайсыбір саласында кеңінен қолданылатын мінез-құлық ережесін 
түсіну керек.
Іскерлік айналым ғұрпы оның қайсыбір құжатта көрсетіл-
генінде қарамастан қолдануы  мүмкін.
Мораль мен адамгершіліктің өзінен-өзі азаматтық құқық 
деректемелері болып табылатын ережелерді  олардың қолданылуы 
азаматтық заңдар жүйесіне кіретін әлдебір нормативтік актіде 
орнықтырылған жағдайда ғана сондай облады.Мәселен, Азаматтық 
Кодекстің 158-бабында мазмұны заңдарының талаптарына сәйкес 
келмейтін, сондай-ақ құқық тәртібінің немесе адамгершіліктің  
негіздерінде  көрінеу  қарсы  мақсатпен  жасалған  мәмілелер 
жарамсыз деп танылады.


263
Азаматтық кодекстің 245-бабында мораль мен адамгершіліктің 
245-бабында табылған затты оны жоғалтқан адамға немесе оның 
меншік иесіне қайтару қажеттігі туралы мораль мен адамгершілік 
ережесі нығайтылған.
6.Азаматтық  заңдар,  сот  пленумының  қаулылары,  сот 
практикасы және сот преценденті.Батыстың көптеген елдері үшін 
азаматтық құқық деректемелері ретінде сот төрелік практикасы 
қолданылуы мүмкін
1995 жылғы ҚР Конституциясының 4-бабында сәйкес елімізде  
республиканың Жоғарғы сотының нормативтік қаулылары ғана 
қолданыстағы құқық деп танылады.Мысал ретінде ҚР Жоғарғы 
сотының 1995 жылғы 22 желтоқсандағы пленумының «Соттардың 
моральдық залалдың орнын толтыру туралы заңдарды қолдануы 
туралы» қаулысын атауға болады.
Қазақстаннан  айырмашылығы-Ресей  Федерациясында 
Жоғарғы соттың Пленумы мен Жоғары төрелік сот Пленумының 
түсіндірмелі  нормативтік  актілер  емес,  қайта  құқық  қолдану 
актілері  болып  табылады.Сот  пленумының  қаулылары  тек 
қана  азаматтық  заңдарының    мағынасын  ұғындыруға  және 
түсіндіруге,  бірақ  азаматтық  құқықтың  жаңа  нормаларын 
жасамуға тиіс.Сондықтан сот пленумда қаулылардың азаматтық 
құқық  деректемелері  болмайды.Ресейдің  заң  әдебиетінде 
проф.Ю.Х.Калмыковтың сот пленумдарының қаулыларындағы 
бассшылық түсіндірмелері азаматтық құқық деректемелері деп 
санау керек деген пікір айтқанын атап өткен жөн.
Ресейдегі сияқты, Қазақстанда да соттың нақты іс бойынша 
шешімі деп  ұғылатын сот үрдісі де азаматтық құқық деректемелері 
қатарларына жатқызылмайды.Біздің жоғарыда атап өткеніміздей, 
сот  үрдісі  Ұлыбританияға  В.Ансонның  «Шарттық  құқық» 
деген кітабына жазған алғы сөзінде проф.О.Н.Садиков жалпы 
және әсіресе, шарттық құқықтың кодталмай  қалып отырғанын 
атап өтеді.Парламент қолданылатын заңдарының саны соңғы 
жылдарды біршама өскенімен, олар шарттық қатынастардың 
жекеленегн  жақтарын  регламенттейді.Құқықтың  негізгі  көзі 
болып үрдіс-соттардың шешімдері қалып отыр, олардың ішінде 
Ұлыбританияның жоғарғы сот сатысы- лордтар палатасынынң 
шешімдеріне заң күші берілген.Соттың құқықтық мәселелерді 
шешуде атқаратын басты ролі мен соттық даулар көп болғанда 
бағдар алуға және белгілі бір үрдісіне сүйене отырып, өзінің 


264
қажетті айғақтарды бере алатыны көрсетуге қабілетті практик-
заңгердердің маңызды рөлі тергеу болып табылады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет