23.4. Некені тоқтату
Неке жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы және оны
өлді немесе олардың біреуі хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау
салдарынан («Неке және отбасы туралы» Заңның 14-бабы) я
болмаса некені бұзу жолымен тоқтатылады.(«Неке және отбасы
туралы» Заңның 15-бабы).
Бірінші жағдайда неке өздігінен тоқтатылады,қосымша
әрекет талап етілмейді.Екінші жағдайда ерлі-зайыптылардың
(екеуінің немесе біреуінің) өз еріктерімен тоқтатылады.
Адам өлімі некелік және отбасылық барлық қатынастарды
тоқтататын заңды себеп болып табылады.Қайғыны көтере білген
жұбайы жаңадан некеге отырғысы келсе, онда ол бұрынғы некені
тіркеген АХАЖ органдары берген зайыбының қайтыс болғандығы
жөніндегі куәлікті көрсетсе болғаны.
Адамның қаза болғандығы жөнінде азаматтық заңдарда
белгіленген тәртіппен сот жария етеді (Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексі, Республикасының Азаматтық кодексі,31-бап).
Некенің тоқтатылуына адамның қаза болғандығы туралы сот
шешімі емес,заңды күшіне енген сол сот шешімінің негізінде
берілген азаматтық хал актілерін жазу органдарының өлім туралы
куәлігі негізгі құжат болып табылады. Азаматтық кодекстің 31-
бабында көрсетілгеніндей,адамның өлімі жөніндегі сот шешімінің
күші өлімнің болғандығын іс жүзінде куәландырған құжаттың
күшімен бірдей.
Дәл мәліметтер (дәрігерлік куәлік,фельдшерлік анықтама,
екі куәнің көрсетуі) бойынша тіркелетін нақты өлімге (өз
ажалынан,немесе біреудің қолынан мерт болатын жағдайлар)
қарағанда,адамның қаза болғандығын жарияланған сот шешімі
оның қайтыс болуы жөніндегі жорамалға негізделеді.Сондықтан
да іс жүзінде олардың көбі тірі болып шығатын жағдайлар жиі
кездеседі. Бұрын өлді деп табылған жұбайының қай жерде екендігі
белгілі болса,онда оның өлгендігі туралы хабардың негізсіздігіне
287
орай неке тағдырын шешуге тура келеді. Заң бұл мәселенің
шешілуін ерлі-зайыптылардың екіншісінің осы кезеңде жаңа
некеге тұрған–тұрмағандығына байланысты шешілетіндігін
негіздейді. Бұрынғы жұбайын өлді деп жарияланғаннан кейін және
осының негізінде олардың араларындағы некенің тоқтатылуы
мойындалған жағдайда жұбайы жаңадан некеге тұрса, онда өлді
деп есептелген бұрынғы жұбайының аман болып шығуына, немесе
оның тұрған жерінің белгілі болуына қарамастан жаңа неке
жарамсыз деп танылмайды. Егер өлді деп есептелген жұбайының
онымен ерлі-зайыптылық қатынасын жаңғыртқысы келсе, онда
белгіленген тәртіппен жаңа некені бұзуға тура келеді. Ал, жұбайы
жаңадан некеге отырмаған жағдайда бұрын өлді деп есептелген
жұбайының аман болып шығуына немесе оның тұрған жерінің
белгілі болуына байланысты және осы жөніндегі сот шешімінің
тиісінше өзгеруіне орай ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші
бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы қалпына келтіруі
мүмкін («Неке және отбасы туралы» Заңның 14-бабы, 2-тармағы).
Бұрын мұндай жағдайда Неке және отбасы кодексінің 34-бабы,
1-бөлігінде тікелей көрсетілгеніндей (ерлі –зайыптылардың
қосымша ерік білдіруінсіз) неке қалпына келтірілген және өз
тұрғысынан дұрыс деп есептелген.
Бұрын қолданылып жүрген заңмен салыстырғанда неке-
отбасы жөніндегі жаңа заңда некені тоқтатуға негіз болатын тағы
бір қосымша –яғни ерлі- зайыптылардың бірінің хабар-ошарсыз
кеткендігін тану енгізілді. («Неке және отбасы туралы» Заңның
14-бабына) сәйкес жұбайлардың бірін хабар-ошарсыз кетті деп
танудың салдары оны өлді деп жариялаудың салдарымен бірдей
деуге болады. Бірақ,толық солай деп есептеу де дұрыс емес.
Хабарсыз кеткеннің (ол шын мәнінде өлген болып шықса да)
азаматты қайтыс болды (ол іс жүзінде тірі болса да) деп танудан
айырмашылығы сол, оған әлі де тірі деген сеніммен қарауға
болады. Заң хабар-ошарсыз кеткендермен некенің тоқтатылуын
заңды деп тани отырып, сонымен бірге өмірде бар тірі адамның
некесін тоқтатуға жағдай жасайды.
Неке ерлі-зайыптылардың тірі кезінде олардың біреуінің
немесе екеуінің де өтініші бойынша, сондай – ақ сот әрекетке
қабілетсіз деп таныған жұбайдың қорғанышысының өтініші
бойынша оны бұзу жолымен тоқтатылуы мүмкін ( “Неке
және отбасы туралы” Заңның 15- бабының 1- тармағы).
288
Көбінесе ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасында олар әрі
қарай бірге тұра алмайтындай да жағдайлар кездеседі.
Мұндай жағдайда ажырасуға қоғам тарапынан тіпті оң
көзқарас болмағанның өзінде де бұл ерлі – зайыптылар
мен олардың балалары үшін дұрыс шешім болуы мүмкін.
Осыны ескере отырып неке және отбасы туралы заң
ажырасуға теріс құбылыс ретінде қарамайды. Некені
бұзуды реттейтін нормалар екі жақты міндет атқарады:
біріншіден, ол өзіне жүктелген барлық әлеуметтік функцияларды
орындауға қабілетті отбасының шырқы бұзылмауын, сонымен
бірге ажыраспауға болмайтын жағдайларда оның заңды
жолдарына бөгет жасамауды көздейді .
Ажырасу құқығын жасау және жүзеге асыру үшін
жалпы ереже бойынша некеге тұрған сәттен бері белгілі
бір мерзімнің өтуі, не болмаса міндеттті түрде бір –
бірінің келісімі талап етілмейді . Бірақ, осы ережеден
туындайтын мынадай бір жағдай бар . Ана мен баланың
денсаулығын қорғау мақсатында ( “Неке және отбасы ту-
ралы” Заңының 15 - бабы, 2 – тармағында) жұбайыныкі
жүкті кезі мен бала туғаннан кейінгі бірінші жылда оның
келісімінсіз некені бұзуға болмайтындығы көзделінген .
Қолданылып жүрген Заң бойынша неке азаматтық хал
актілерін жазу органдары, немесе сот арқылы бұзылады .
Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені
бұзу кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір
– біріне мүліктік, және өзге де талаптар қоймайтын ерлі
- зайыптылардың некені бұзуға өзара келісуі жағдайында
жүргізіледі (“Неке және отбасы туралы” Заңның 16 – бабы,1
– тармағы ).
(“Неке және отбасы туралы ” Заңның 16 – бабының 2
- тармағында ) қарастырылғандай,ерлі – зайыптыларға ортақ
кәмелетке толмаған балалардың болуына қарамастан, ерлі
- зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша, егер ерлі-
зайыптылардың екіншісін :
1) сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;
2) сот әрекетке қабілетсіз деп таныса ;
3) қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас
бостандығынан айыруға сотталса,неке азаматтық хал актілерін
жазу органдарында бұзылады.
289
Осы норма тұтас алғанда неке және отбасы кодексінің
39-бабын қайталайды.Ал, бұл өз кезегінде («Неке және отбасы
туралы» Заңның 14-бабында) айтылған ескертпелерді растай
түседі. Яғни, Заңның 14- бабына сәйкес адамды хабар-
ошарсыз кетті деп табу некені тоқтатуға алып келсе де,оны
бұзуға болмайды.Азаматтың қайтыс болған немесе оны өлді
деп жариялаған жағдайларда неке өз-өзінен тоқтатылады. Бұған
керісінше,егер азаматты, хабар-ошарсыз кетті деп жариялаған
кезде екінші жұбай некені бұзу жөнінде арыз берсе ( арыз
бермеуі де мүмкін), онда ол заңның 14-бабында көрсетілгеніне
қарамастан некені тоқтатуға бөгет бола алмайды.
Некені сот тәртібімен бұзу мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) ерлі-зайыптыларда кәмелетке толмаған ортақ балалардың
болуы;
2) ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі
болмаған кезде;
3) егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы
болмауына қарамастан, некені бұзудан өз әрекеттері не
әрекетсіздігі арқылы жалтарса;
4) ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік талаптары болған
жағдайларда жүргізіледі («Неке және отбасы туралы» Заңның
18-бабы)
Некені сот тәртібімен бұзу құқығы, әсіресе,кәмелетке
толмаған балалардың тағдырына қатысты жағдайларда сот
атынан мемлекеттің бақылауында болады. Көрсетілген тәртіп
ерлі-зайыптылардың ажырасуға еріктілігін некені бұзуға
ойланбаушылығын болғызбаумен түйістіру үшін де керек.
Сонымен бірге некені сот арқылы бұзуды талап ету мүліктік
талап қоюшылық бар болып отырған жағдайда істі жүргізудің
тиімділігіне де қол жеткізеді.
Некені бұзу жөніндегі істі қарау кезінде ерлі-зайыптылардың
бірінің келісімі болмаса,сот оларды бітістіру шараларын
қабылдауға құқылы.Сот істі қарауды кейінге қалдыруға, ерлі-
зайыптыларға үш айлық бітістіру мерзімін белгілеуге құқылы.
Қолданылып жүрген неке-отбасы заңдарында некені бұзу
жөніндегі нақты шешімдер тізімі берілмеген. Оның орнына(
«Неке және отбасы туралы» Заңның 19-бабында) жалпы алғанда
былай деп көрсетілген: «Егер ерлі-зайыптылардың одан әрі
бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауы мүмкін еместігін
анықтаса,неке сот тәртібімен бұзылады».
290
Егер сот некені бұзуға болады деген шешімге келсе,онда ол
қажетті жағдайларда кәмелетке толмаған балалар мен еңбекке
жарамсыз жұбайдың мүдделерін қорғау шараларын қабылдайды.
Некені бұзу кезінде ерлі-зайыптылар кәмелетке толмаған
балалардың кіммен тұратындығы, балаларды және еңбекке
жарамсыз, мәжбүрлік көріп отырған зайыбын бағып-күтуге
қажетті қаржының қандай тәртіппен төленетіндігі, ол қаржының
мөлшері, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу жөніндегі
мәселелер бойынша келісімге қол жеткізуі мүмкін. Ерлі –
зайыптылар осы келісімін соттың қарауына ұсынады. Егер
бұл мәселе бойынша келісімге қол жеткізілмеген болса,немесе
келісімнің балалардың немесе ерлі –зайыптылардың бірінің
мүддесіне қайшы келетіндігі анықталса, онда аталған мәселелер
сот арқылы шешіледі.
(«Неке және отбасы туралы» Заңның 21 бабы) мұндай
жағдайда сот мыналарды шешуге міндетті екендігін көрсетеді.
1)неке бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған балалар ата-
анасының қайсысымен тұратындығын айқындауға;
2) балаларды асырауға алимент ата-аналардың қайсысына
және қандай мөлшерде өндіріліп алынатынын белгілеуге;
3) ерлі-зайыптылардың олардың біреуінің талап етуі
бойынша, олардың бірлескен ортақ меншігіндегі мүлікті бөлуді
жүргізуге;
4)екінші жұбайдың асырауға қаражат алуға құқығы бар
жұбайдың талап етуі бойынша оны асырау қаражатының мөлшерін
айқындауға міндетті.
Ажырасуды тіркеу кезінде және некенің бұзылғандығы
жөнінде куәлік берілгенде ерлі-зайыптылардан заңмен белгі-
ленген мемлекеттік баж салығы алынады. Бұл салықты ерлі-
зайыптылардың қайсысы төлесе де азаматтық хал актілерін жазу
органдары үшін бәрібір.
Некеге тұру және оны азаматтық хал актілерін жазу
органдарында тіркеу ерлі-зайыптылар арасында бірқатар жеке
және мүліктік құқықтар мен міндеттерді туғызады. Некені
тоқтату әдетте осы құқықтық байланыстарды жоюға әкеледі.
Бірақ, заңда осы жалпы ережеден басқа мүмкіндіктер бар екені
де қарастырылуы мүмкін.( «Неке және отбасы туралы» Заңның
23-бабында) көретілгеніндей, некенің тоқтатылуы мен осы заңда
қарастырылған жағдайларды қоспағанда, ерлі-зайыптылардың
291
некеге тұрған кездегі қатынастарынан туындайтын барлық
жеке және мүліктік қатынастары да тоқтатылады. Мысалы,
ерлі-зайыптылардың бірі некені бұзғанға дейін де екіншісінің
пайдасы үшін алимент төлеген болса, онда неке тоқтатылғаннан
соң да осы міндеттемелер сақталып қалады.
Некені бұзу жолымен некені тоқтату ата-аналардың қай-
қайсысының да балаларға қатысты құқықтары мен міндеттерін
тоқтатпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |