Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ҰҒЫМЫ



Pdf көрінісі
бет23/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   136
2.6 ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ҰҒЫМЫ
ҚАҒИДАЛАРЫ   МЕН ТҮРЛЕРІ
Құқық шығармашылығы ісі ерекше іс-әрекет болып табы-
лады.  Мұндай  еңбектің  нәтижесінде    нормативтік  құқықтық 
шығармашылық  ісі қоғамдық қатынастарға ықпал жасайды. 
Норма жасап шығару яғни құқық шығармашылық ісі- қоғамдық 
қатынастарға ықпал жасаудың тәсілі және ол құқықты заңдық 
күш беретін құрал болып есептеледі.
Құқықтың  жаратылуы  әу  бастан-ақ  табиғи  жолмен 
тарихи дамудың барысында, заң жасаушының іс- әрекеті мен 
қызметтерінен  бұрынырақ    және  оған  байланысты    болмай  
қалыптасқан болатын. Құқықтың жаратылуы үрдісіндегі бастапқы  
сатысы қоғамдық қатынастарды  заңмен реттеу қажеттілігінің 
обьективтік түрде туындауымен байланысты. Бұл   қажеттілікті  
ең ақыр аясында экономикалық базис қамтамасыз етеді, алайда, 
оған жуық болып, нәр беріп қоректендірген қозғаушы күштер , 
әлеуметтік, саяси, таптық және басқалай да  қоғамдық мүдделер  
болды. Құқықтық жасаушылардың соңғы сатысында қоғамдық 
қажеттілік пен жалпыға бірдей  мінез, жүріс-тұрыс ережелеріне 
сай мүдделерді білдіретін  құзыретті  органдардың  мақсатқа 
лайықты  іс-әрекеттері үлкен мән-мағынаға ие болды. Құқықтың 
жасалуының барысында құқықтық жалпы сипаттағы айқындылығы 
бар жария формалды ұйғарымға айналдыру құқықтық норма 
шығармашылық ісінің үш тәсілі бар:
1.  Мемлекеттік өкілетті органдардың  құқықтарды белгілеу-
дегі атқаратын қызметтері:
2.  Мемлекет органдарының өздеріне тәуелсіз түрде  әдет- 
ғұрыптар болып қалыптасқан немесе мемлекеттік емес ұйымдар 
жасалған: (мысалы коорператив, қоғамдық ұйымдардың) нор-
маларды бекітуі:
3.  Бүкіл халықтық дауыс беру түрінде өткізілетін  халықтың 
тікелей құқық  шығармашылық ісі
Осы үш жағдайдың үшеуінде де құқық шығармашылық ісі, 
өздерінің  алдында қойған мақсаттарымен де және  басшылыққа 
негіз етіп ұсынған принциптерімен  де ерекшеленеді.
Қайсы  бір  мелекеттің  болмасын  дамуының  жекелеген  
кезеңдерінде    әйтеуір  бір    принциптерімен  ауытқу    орын 
алып  келген.  Бірақ,  олар  ізденістер    жасаудың  қажеттілігі 


95
мен   заң шығармашылық іс-әрекеттеріне тиісті бастаулардың 
орнықтырылуын және бекуін шайқата алмаған. Қалай болғанда  
да  құқық  шығармашылық    ісі  мемлекеттің    ерік-жігерімен  
байланысты көрінеді. Бұл қағиданы  әлем дамуының тарихи талай-
талай   дәлелдеген болатын.  Мұның бәрінен бұрын  қажет нәрсе, 
осы қатынастар кезінің тұсында  үстемдік  етуші жеке  тұлғалар  
өзінің  күш- қуатын мемлекет тік етіп жұмсап,оны құрастырып 
шығуы  тиіс.  Олар  өздерінің  ерік-ықтиярын  қамтамасыз  етіп 
отырған осы қатынастарды пайдаланып,  сол өз ерік-ықтиярларын 
мемлекеттік  ерік – жігердің  бүкіл жалпылық түріне  келтіріп  
оның заң  кейпіне айналдыруы тиіс.
Құқық  шығармашылық    ісінің  мазмұны  дәйекті  түрде, 
бірізділікті сақтай отырып  атқарылатын ұйымдастырушылық 
жұмыс  сипатындағы    әрекеттерден  тұрады.  Оның  өзі  бүкіл 
жиынтығында  құқық  шығармашылық    үрдісі  деп  аталады. 
Бұл  айтқанымыз  нормативтік  актілер    жасаудың  және  оның 
ұйғарымдарын  алушы  тағайындарына жеткізіп берудің тех-
нологиясы.  Құқық    шығармашылық  ісінің  қоғамдық-  саяси 
маңызының болуы себепті ол конституциялық және басқалай 
да заң нормаларымен реттелінеді. 
Құқық шығармашылық ісі  бірнеше сатыдан тұрады
1.Заң  шығару  бастамасы    кең  мағыналы    норма    болып 
табылады. Бұған құқық шығармашылық ісімен шұғылданатын 
органға құзіреті бар субъектінің ресми нормативтік акт жасап 
шығару туралы немесе дайындалған актінің жобасын ең алғаш 
ұсыныс жасағандығы іс- әрекет жатады.
Заң шығару бастамасы құқығына ие  субъектілердің аясы 
заңда өте-мөте анық түрде белгіленіп көрсетілген. Өйткені, заң  
шығару  бастамасы ісімен шұғылданушы  субьект заң шығарушы  
органға өзінің ұсынысы  немесе  дайын заң жобасымен  барғанында 
құзіретті орган  оны қарауға, талқылауға және қорытындысын 
ресми түрде беруге заңмен міндеттелген
2. Құзіретті органның  акт шығаруды, оның жобасын жасауды, 
заң жобаларын  дайындауды жоспарға енгізудің қажетілігі жөнін-
дегі шешімі және т.с.с.
3 нормативтік актінің жобасын жасау  және оны алдынала 
талқылау. Бұл істерді атқарудың  рәсімдері бір-бірінен жобаның 
маңыздылығына, оны дайындаудың  кімге  тапсырылғанына, 
сондай–ақ    болашақ  нормативтік  актінің  сипатына    жалпы 


96
мемлекеттік   акті ме,әлде ведомстволық па байланысты ерекше-
ленеді. Ең маңызды деген  жобалар бүкіл халықтық талқылауға 
ұсынылады.  Өзгелерін  дайындауға  ғалымдар мен мамандардан 
құралған ақыл-кеңес беретін топтамалар  қатысады.
4.Нормативтік  актінің  жобасын  қабылдауға    өкілеттік 
берілген органда қарау, талқылау
5.Нормативтік актіні қабылдау
6.Қабылдаған актінің мазмұнын оны алатын тағайынының 
қаперіне жеткізу.Жоғарыда  көрсетілген  қағидаттар принциптер  
құқық шығармашылық  ісінің әрбір сатыларын басынан яғына 
дейін әйтеуір азды-көпті дәрежеде көктеп өтеді
Заң жасаудың алғышқы сатысы заң акті жобасын даярлау. 
Жобаны  жасап    ұсыну  үшін  заң    бастамасында  құқық  болу 
керек.  Жобаны  жасап  ұсыну    үшін  заң  бастамасында  құқық 
болу керек.  Ондай құқық Парламенттің депутаттарына және 
Қазақстан Республикасынң Үкіметіне берілген. Осы құқықтық 
пайдалана отырып, әр депутат, депутат топтары Үкімет Парламент 
мәжілісінің қарауына заң жобасын ұсынды Үкімет Парламент 
мәжілісінің  қарауына  заң  жобасын  ұсынды.  Үкіметке  заң  
жобасын жасауы  Республиканың  Президенті де ұсына алады. 
Ал Үкімет, әдетте, заң жобасын жасауды тиісті министрліктерге, 
мемлекеттік комитеттерге тапсыруы мүмкін.  Жасалған заңның  
жобасы Мәжілістің комитеттерінде, содан кейін оның жалпы 
жиналысында қаралап, жан-жақты талқыға түседі. Депутаттар оны 
дауысқа салады. Содан кейін жай заң депуттардың көпшілігінің 
, ал  Конституциялық заң барлық депутаттрдың үштен екісінің 
дауысымен қабылданады. Президент егер оны дұрыс деп тапса, 
заңға қояды. Президент өзіне берілген өкілеттік көлемінде заң 
күші бар жарлық, жай нормативтік жарлық, ал Үкімет қаулы 
қабылдайды. Құқық шығармашылық ісіне қойылатын талаптар 
Қазақстан  Республикасының  «Нормативті  құқықтық  актілер 
туралы» Заңында көрсетілген.


97


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет