Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


Қазақстан Республикасының Президенті



Pdf көрінісі
бет45/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

6.3.Қазақстан Республикасының Президенті
Мемлекеттік биліктің бірыңғай жүйесінде Қазақстан Респуб-
ликасы Президентінің орны айрықша. Мемлекет басшысы ретінде 
нақ Президент билік тармақтарының әрқайсысының қызметіне 
белсене араласады.
Президент деген конституцияық құқылық мағынада мемле-
кет басшысы дегенді білдіреді.  Бұл қызмет сол үшін әлемдік 
тәжребиеде тағайындалған  (АҚШ, Франция).
Президент қызметі тұңғыш рет Қазақстанда 1990 жылғы 
24 сәуірде Жоғарғы Кеңес қабылдаған Заңмен тағайындалды, 
онда алғашқы Президентті Жоғарғы Кеңес алты жыл мерзімге 
сайлайды  деп  белгіленді.  Н.Ә.Назарбаев  тұңғыш  Президент 
болып сайланды. Кейін 1991 жылы 16 қазанда Президент сайлауы 
туралы Заң қабылданып, мұнда Президентті Республика халқының 
жалпыға бірдей, тең және төте сайлау негізінде жасырын дауыс 
беру арқылы бес жыл мерзімге сайлауы көзделді. Осы Заңның 
негізінде  Республика  Президентінің  сайлауы  өткізіліп,  онда                    
Н.Ә.Назарбаев тағы да сайланды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда 
Жоғарғы Кеңес одан ант қабылдады және осы сәттен бастап ол 
қызметіне кірісті деп есептеледі, әрі сол күн оның Қазақстан 
Республикасы Президентінің қызметінде болу мерзімін есептеудің 
басы  болып  табылады.  Соңынан,  1998  жылғы  7  қазандағы 
Конституцияға  енгізілген  өзгерістерге  сәйкес  Президенттік 
мерзім 7 жылға дейін ұзартылды.


151
Демек, Президент мемлекеттік биліктің шыңы. Қазақстан 
Республикасының  Президентін  биліктің  төртінші  тармағы 
ретінде қарауымыздың мәні мынада. Шын мәнінде Президент 
барлық билік тармақтарынан оқшау тұр. Себебі, Конституциялық  
тұжырымдарға сәйкес ол – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің 
ішкі және сырқы саясаттарының бағытын айқындайтын, ел ішінде 
және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік 
ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға. Атқарушы билікті тікелей 
жүзеге асырмаса да ол еліміздің билік құрылымындағы ең ірі 
тұлға. Олай дейтініміз атқарушы билікті жүзеге асырушы Үкімет 
өзінің  бүкіл  қызметінде  Республика  Презилентінің  алдында 
жауапты және ол өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттілігін 
тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін 
қызметтен босатуға хақылы. Сонымен бірге Конституцияның 
40-бабының  3-тармағына  сәйкес  Республика  президенті 
мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуінің 
және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін 
қамтамасыз етеді. Сөйтіп, ол – халық пен мемлекеттің билік 
бірлігінің,  Конституциясының  мызғымастағының  адам  және 
азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі 
(40-баптың  2-тармағы).  Бұл  жорамалымыздың  дұрыстығына 
Президенттің атқарушы өкілеттілігі айғақ. 
Президентке  Қазақстан  Республикасының  44-бабында 
көрсетілген міндеттерді орындауы үшін қажетті кең өкілеттіктер 
берілген.
Президент атқарушы билік саласында:
Парламенттің келісімімен Республика Премьер-министірін 
қызметке тағайындайды; оны қызметтен  босатады; Премьер-
министірдің  ұсынуымен  Республика  Үкіметінің  құрылымын 
белгілейді;    оның  мүшелерін  қызметке  тағайындайды  және 
қызметтен босатады; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін 
орталық атқарушы органдарын құрады, таратады, қайта құрады; 
Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; Үкіметтің аса маңызды 
мәселелер бойынша отырыстарында төрағалық етеді; Үкіметке 
Заң  жобасын  Парламент  Мәжілісіне  енгізуді  тапсырады; 
РЕспублика Үкіметінің және облыстағы, республикалық маңызы 
бар қалалары мен астанасы әкімдерінің актілерінің күшін жояды 
не толық немесе ішінара тоқтата тұрады; Республика Премьер-
министірінің ұсынуымен Республиканың мемлекеттік бюджеті 


152
есебінен  ұсталатын  барлық  органдардың  қызметкерлеріне 
арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін 
бекітеді; Республика Президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің 
өкілеттілігін тоқтатуға шешім қабылдауға және оның кез келген 
мүшесін  қызметтен  босатуға  қақылы.  Премьер-министрді 
қызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттілігі тоқтатылғанын 
білдіреді. Сонымен қатар Президент Үкіметтің орнынан түсуі 
туралы шешімді Үкіметтің өз мәлімдемесі бойынша да, сондай-
ақ  Парламент  Үкіметке  сенімсіздік  білдірген  жағдайда  да 
қабылдайды.
Республика  Парламентінің  кезекті  және  кезектен  тыс 
сайлауын  тағайындайды;  Парламенттің  бірінші  сессиясын 
шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін 
антын қабылдайды; Парламент Палаталарының кезектен тыс 
бірлескен отырыстарын шақырады;
Парламент Сенаты ұсынған заңға он бес жұмыс күні ішінде  
қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның 
жекелеген  баптарын  қайтадан  талқылап,  дауысқа  салу  үшін 
қайтарады;
Парламенттің келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық 
Банкінің Төрағасын қызметке тағайындайды, оны қызметтен 
босатады;
Парламент  Сенатының  келісімімен  Республиканың  Бас 
Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын 
қызметке тағайындайды, оларды қызметтен босатады.
Қазақстан  Республикасының  Қарулы  Күштерін  басқара 
отырып, Президент Қарулы Күштердің жоғарғы қолбасшыларын 
қызметке  тағайындайды  және  қызметтен  босатады;  жоғары 
әскери  атақтар  мен  өзге  де  атақтарды  береді;  Республикаға 
қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей 
қатер  төнген  ретте  республиканың  бүкіл  аумағында  немесе 
оның  жекелеген  жерлерінде  әскери  жағдай  енгізеді;  ішінара 
немесе жалпы жұмылдыру жариялап, бұл туралы Республика 
Парламентіне дереу хабарлайды; Қауіпсіздік кеңесін құрады.
Президенттің басты міндеті – ел ішінде және халықаралық 
қатынастарда  Қазақстан  атынан    өкілдік  ету.  Әңгіме  бұл 
жағдайда Президент елді халықаралық қатынастардың субъектісі 
ретінде, егеменді де тәуелсіз мемлекет ретінде танытады деген 
сөз.  Президент  бұл  салада  келіссөздер  жүргізіп,  Қазақстан 


153
Республикасының  халықаралық  қатынастарына,  бекіту  гра-
моталарына  қол  қояды,  елде  тіркелген  шет  мемлекеттердің 
дипломатиялық және өзгеде өкілдіктері өкілдерінің сенім және 
кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды.
Президент өкілеттіктерінің келесі топтамасын оған Қазақстан 
Республикасының Конституциясында белгіленген заң шығару 
өкілдіктерін құрайды. Ол екі жолмен жүзеге асырылады: 
1)  Заң  шығару.Қазақстан  Республикасы  Конституциясы 
53-бабының 4-тармағына сәйкес Парламент Президентке оның 
бастамасы бойынша, әр Палата депутаттары жалпы санының 
үштен екісінің дауысымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң 
шығару өкілеттігін беруге қақылы.
2) Заң күші бар Жарлықтар шығару. Бұл тәртіп Қазақстан 
Республикасы  Конституциясы  61-бабының  2-  тармағымен 
белгіленген. Заң шығару құқығының берілуі Қазақстан Респу-
бликасы Президентінің норма белгілеушілік қызметінің басты 
нысандары емес.
Сонымен қоса Президент Конституция мен заңдар негізінде 
және  оларды  орындау  үшін  Республиканың  бүкіл  аумағында 
міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады.
Қазақстан Республикасы Президентінің кандидаттығына 
мынадай қатаң талаптар қойылады:  Қазақстан Республикасының 
Президенті болып тумысынан Республика азаматы, 40 жасқа 
толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде 
он  бес  жыл  бойы  тұратын,  әлде  бір  діннің  қызметкері  емес, 
заңмен белгіленген ретте өтелмеген соттылығы жоқ және сайлау 
құқығы: мемлекеттік органға және жергілікті өзін өзі басқару 
органына сайлауға және сайлануға, сондай-ақ республикалық 
референдумға қатысуға құқығы бар азамат қана сайлана алады. 
Бір адам қатарынан екі реттен артық Президент болып сайлана 
алмайды.
Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық 
заңға  сәйкес  жалпыға  бірдей,  тең  және  төте  сайлау  құқығы 
негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын 
дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды. Бұл сияқты 
мәліметтерді  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  1995 
жылғы 28 қыркүйектегі конституциялық заң күші бар Қазақстан 
Республикасындағы Сайлау туралы Жарлығынан, 1998 жылғы 7 
қазандағы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу 


154
туралы  Заңынан  алуға  болады.  Демек,  Президентті  сайлау 
комиссиясының басшылығымен жүргізіліп, өткізіледі. Дауыс 
беруге  қатысқан  сайлаушылардың  елу  пайыздан  астамының 
дауысын  алған  кандидат  сайланды  деп  есептелінеді.  Егер 
кандидаттардың  бірде  бірі  көрсетілген  дауыс  санын  ала 
алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екі 
кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 
көбісінің  дауысын  алған  кандидат  сайланады  деп  есептеледі 
(Конституцияның 41-бабының 5-тармағы).
Президентке ешкімнің тиісуіне болмайды, яғни оны қандай 
да бір жауапкершілік түріне тартуға, ұстауға, қамауға, тінтуге 
және т.с.с. болмайды. 
Республиканың  Президенті  өзінің  міндеттерін  атқару 
кезіндегі  қылмыстық  іс-әрекеті  үшін  тек  қана  мемлекетке 
опасыздық  жасаған  жағдайда  жауап  береді.  Айып  тағу  және 
оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутаттарының кемінде 
үштен бірінің бастамасы бойынша депутаттардың жалпы санының 
көпшілігімен қабылдануы мүмкін. Тағылған айыпты тексеруді 
Сенат  ұйымдастырады.  Бұл  мәселе  түпкілікті  шешім  айып 
тағудың негізділігі туралы Жоғарғы Сот қорытындысы және 
белгіленген  конституциялық  рәміздердің  сақталғаны  туралы 
Конституциялық Кеңестің қорытындысы болған жағдайда әр 
Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің 
көпшілік  дауысымен  Парламент  Палаталарының  бірлескен 
отырысында қабылданады. Республика Президентіне мемлекетке 
опасыздық жасады деп тағылған айыптың қабылданбауы оның 
қай кезеңде де осы мәселенің қаралуына себепші болған. Мәжіліс 
депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуына әкеліп 
соғады.  Президент науқастығына байланысты өз міндеттерін 
жүзеге  асыруға  қабілетсіздігі  дендеген  жағдайда  қызметінен 
мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Бұл ретте Парламент әр 
Палата депутаттарыныең тең санынын және медицинаның тиісті 
салаларының мамандардан тұратын комиссия құрады. Мерзімінен 
бұрын босату туралы шешім Парламент Палаталарының бірлескен  
отырысында  комиссияның  қорытындысы  мен    белгіленген 
конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық 
Кеңес қорытындысы негізінде әр Палата депутаттары жалпы 
санының кемінде төрттен үшінің көпшілігімен қабылданады.


155


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет