Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


Қазақстан Республикасының Парламенті



Pdf көрінісі
бет46/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

6.4. Қазақстан Республикасының Парламенті
Парламент  –  Қазақстан  Республикасының  заң  шығару 
қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді 
органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: 
Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және 
Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше 
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика 
астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен 
отырыстарында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың 
жеті  депутатын  Сенат  өкілеттігі  мерзіміне  Республиканың 
Президенті тағайындайды. Сенат депутаттары жанама сайлау 
құқығы  негізінде  жасырын  дауыс  беру  жолымен  сайланады. 
Қазақстан Республикасының кемінде бес жыл азаматы болған, 
жасы  отызға  толған,  жоғарғы  білімі  және  кемінде  бес  жыл 
жұмыс  стажы  бар,  тиісті  облыстың,  республикалық  маңызы 
бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде 
үш жыл тұрақты тұрған азаматы алты жыл өкілеттік мерзімге 
Сенат депутаты бола алады.
Сенаттың ерекше қарауына: Қазақстан Республикасы Прези-
дентінің ұсынуымен Республика Жоғарғы Сотының Төрағасын, 
Алқалар төрағаларын және Жоғарғы Соттың судьяларын сайлау 
және қызметінен босату, олардың антын қабылдау; Республика 
Президентінің Республиканың бас Прокурорын және Ұлттық 
Қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру 
және Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-бабында 
көрсетілген басқа да мәселелер жатады.
Мәжіліс  –  Парламенттің  төменгі  палатасы.  Ол  жетпіс 
жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат Республиканың 
әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және 
шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумақтық сайлау 
округтері бойынша сайланады. Он депутат бара-бара өкілдік 
жүйесі бойынша және біртұтас Жалпыұлттық сайлау округінің 
аумағы  бойынша  партиялық  тізімдер  негізінде  сайланады. 
Мәжіліс депутаттарын сайлау жалпыға бірдей тең және төте 
сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге 
асырылады. Республиканың жасы жиырма беске толған азаматы 
бес жыл өкілеттік мерзімге Мәжіліс депутаты бола алады.


156
Парламент Палаталарының бөлек отырысында мәселелерді 
әуелі Мәжілісте, ал содан соң Сенатта өз кезегімен қарау арқылы: 
заңдар  қабылдайды;  республикалық  бюджетті  және  оның 
атқарылуы туралы есептерді, бюджетке енгізілген өзгерістер 
мен толықтыруларды талқылайды, мемлекеттік салықтар мен 
алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды; Қазақстан 
Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының мәселелерін 
шешу  тәртібін  белгілейді;  азаматтарға  рақымшылық  жасау 
туралы актілер шығарады және Қазақстан Республикасы  Конс-
титуциясының 54-бабында көзделген басқа да өзгерістерді жүзеге 
асырады. 
Мәжілістің ерекше қарауына: заңдардың жобаларын қарауға 
қабылдау  және  қарау;  Республика  Парламенті  қабылдаған 
заңдарға Қазақстан Республикасы Президентінің қарсылықтары 
бойынша ұсыныстар әзірлеу;  және т.б. (Қазақстан Республикасы 
Конституциясының 56-бабы) жатады.
Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойын-
ша  Конституцияға  өзгертулер  мен  толықтырулар  енгізеді; 
Конституциялық  заңдар  қабылдайды,  оларға  өзгертулер  мен 
толықтырулар енгізеді;
2) Республикалық бюджетті және Үкімет пен Республикалық 
бюджеттің  атқарылуын  бақылау  жөніндегі  есеп  комитетінің 
бюджеттің  атқарылуы  туралы  есептерін  бекітеді,  бюджетке 
өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;
3) Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар 
немесе  заңның  баптары  бойынша  ол  қарсылық  жіберген 
күннен  бастап  бір  ай  мерзім  ішінде  қайталып  талқылау  мен 
дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент 
қарсылығының қабылданғанын білдіреді. Егер Парламент әр 
Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің көпшілік 
дауысымен  бұрын  қабылданған  шешімді  қуаттайтын  болса, 
Президент жеті күн ішінде заңға қол қояды. Егер Президенттің 
қарсылығы еңсерілмесе, заң қабылданбады немесе Президент 
ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі;
4) Президентке оның бастамасы бойынша әр палата депутат-
тары  жалпы  санының  үштен  ексінің  дауысымен  бір  жылдан 
аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге құқылы;


157
5) Президенттің Республика Премьер-Министрін, Республика 
Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауына келісім береді;
6)  Премьер-Министрдің  Үкімет  бағдарламасы  туралы 
баяндамасын тыңдап, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабыл-
дамай  тастайды,  бағдарламаны  қайтадан  қабылдамай  тастау 
әр  Палата  депутаттарының  жалпы  санының  үштен  екісінің 
дауысымен жүзеге асырыла алады және бұл Үкіметке сенімсіздік 
көрсетілгенін  білдіреді.  Ондай  көпшілік  дауыстың  болмауы 
Үкімет бағдарламасының мақұлданғанын білдіреді;
7) Әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің 
копшілік дауысымен, Парламент депутаттары жалпы санының 
кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша немесе Конституцияда 
белгіленген жағдайларда Үкіметке сенімсіздік білдіреді. 
Парламент бұдан басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады 
(Конституцияның 53-бабы).
Парламент  Республиканың  бүкіл  аумағында  міндетті 
күші бар Қазақстан Республикасының Заңдары, Парламенттің 
Қаулылары, Сенат пен  Мәжілістің Қаулылары түрінде Заң акті-
лерін қабылдайды.
Заңдар  аса  маңызды  қоғамдық  қатынастарға  реттейтін 
мынадай мәселелер бойынша шығарылуы тиіс:
1) Жеке  және  заңды  тұлғалардың  құқық  субъектілігіне, 
азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарына,  жеке  және 
заңды тұлғалардың міндеттері мен жауапкешілігіне;
2) Меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға;
3) Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару 
органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметтерінің, мемлекеттік 
және әскери қызметтің негіздеріне;
4) Салық салуға, адамдар мен басқа да міндетті төлемдерді 
белгілеуге;
5) Республикалық бюджетке;
6) Сот құрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне;
7) Білім  беруге,  денсаулық  сақтауға  және  әлеуметтік 
қамсыздандыруға;
8) Кәсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге;
9) Айналадағы ортаны қорғауға;
10)Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысына;
11)Мелекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 
қатысты негізгі прициптер мен нормаларды белгілеуге қатысты.


158
Өзге  қатынастардың  барлығы  заңға  тәуелді  актілермен 
реттеледі.
Республиканың мұндай заңдары республика Президенті қол 
қойғаннан кейін күшіне енеді. Парламент пен оның Палаталарының 
Заң актілері, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар 
депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады, 
ал Конституцияылық заңдар Конституцияда көзделген мәселелер 
бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде 
үштен екісінің көпшілік дауысымен қабылданады.
Қазақстан Республикасының Президенті мынадай жағдай-
ларда: Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент 
Премьер-министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде, 
Парламеттің  Палаталары  арасындағы  немесе  Парламент  пен 
мелекеттік өкіметтің басқа тармақтары арасындағы еңсерілмейтін 
келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда Парламентті 
тарата алады. Бірақ, Парламентті төтенше жағдай немесе соғыс 
жағдайы кезінде, Президент өкілеттілігінің соңғы алты айында, 
сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейінгі бір жыл ішінде 
таратуға болмайды.
Парламенттің  ағымдағы  қызметі  тұрақты  комитеттерде 
атқарылады, олардың саны әр Палатада жетеуден аспауы тиіс. 
Палаталардың бірлескен қызметіне қатысты мәселелерді шешу 
үшін Сенат пен Мәжіліс тепе-тең негізде бірлескен комиссиялар 
құруға  құқылы.  Заңның  Палата  отырыстарында  талқылануы 
оқылым деп аталады. Заң жобасы Мәжілістің тұрақты комитетінде 
алдын ала қаралып, комитет ол бойынша қорытынды бергеннен 
кейін Мәжілістің жалпы отырысында талқыланады.  Әдетте, 
талқылау екі оқылымда өтеді. Конституцияға өзгерістер мен 
толықтырулар  енгізу  және  конституциялық  заңдар  қабылдау 
немесе оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселелері 
бойынша кемінде екі оқылым өткізу міндетті.
Қаралған заң жобасы бойынша Сенаттың Президент сияқты 
қарсылық білдіру құқығы бар. Тұтас алғанда, Сенат депутаттары 
жалпы  санының  көпшілік  дауысымен  қабылданбаған  жоба 
Мәжіліске  қайтарылады.  Егер  Мәжіліс  депутаттары  жалпы 
санының үштен екісінің көпшілік дауысымен жобаны қайтадан 
мақұлдаса, ол Сенатқа қайта талқылануға және дауысқа салуға 
беріледі. Қайта қабылданбаған заң жобасын сол сессия барысында 
қайтадан енгізуге болмайды.


159


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет