Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


Жергілікті атқарушы билік органдары:жүйесі



Pdf көрінісі
бет50/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

7.4 Жергілікті атқарушы билік органдары:жүйесі,
құрылымы, құрылу тәртібі.
 Тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағындағы мемлекеттік 
басқаруды ұйымдастыруда жергілікті өкілді органдармен қатар 
атқарушы органдар зор рөл атқарады. Атқарушы және өкімдік 
етуші органдардың қызметін реттеуде 1995 жылғы Конституция 
алдыңғы  конституциялық  реттеуге,  ең  жаңа  заңдарға  және  
қалыптасқан  практикаға  сүйенеді.  Конституцияда  жергілікті 
атқарушы органдар Қазақстан Республикасы атқарушы органда-
рының бірыңғай жүйесіне кіретін, атқарушы биліктің жалпы 
мемлекеттік  саясатын  тиісті  аумақтың  мүддесі  мен  даму 
қажеттілігін ұштастыра отырып жүргізуді қамтамасыз ететіні 
айқын белгіленген (87-баптың 1-тармағы). 
 «...Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы» Заңға 
сәйкес  жергілікті  жерлердегі  атқарушы  билік  органдарының 
жүйесін: әкімдер, басқармалар, бөлімдер, комиссиялар мен басқа 
да бөлімшелер және қызметтер құрайды. Жоғарыда айтылғандай, 
жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы атқарушы 
органдарының біртұтас жүйесіне кіреді. Оларға облыстардың, 
аудандардың, қалалардың қалалардағы аудандардың, поселкелер 
мен ауылдардың (селолардың) әкімдері, жергілікті атқарушы 
органдардың басқармалары, бөлімдері, комиссиялары жатады.


179
Жергілікті атқарушы органдарды Республика Президенті 
мен Үкіметінің өкілі болып табылатын тиісті әкімшілік-аумақтық 
бөліністің  әкімі  басқарады  (Конституцияның  87-бабының 
3-тармағы).  Әкім  орынбасарларының  саны  бөлімдердің, 
басқармалар мен басқа да бөлімшелердің жүйесі әкімнің ұсынуы 
бойынша тиісті мәслихат бекітетін облыс, аудан, қала схемасына 
сәйкес анықталады. Жергілікті әкім мен оның орынбасарлары, 
сондай-ақ бөлімдердің, басқармалардың, әкімшіліктің басқа да 
қызметтерінің басшылары кез келген деңгейдегі мәслихаттың 
депутаттары бола алмайды. 
Облыстардың,  республикалық  маңызы  бар  қалалар  мен 
астананың әкімдерін қызметке Премьер-министрдің ұсынуымен 
республика Президенті тағайындайды. Өзге әкімшілік- аумақтық 
бөліністердің әкімдерін олар жөнінде жоғары тұрған әкімдер 
тағайындайды. 
Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана 
әкімдерінің  өкілеттігі  республиканың  жаңадан  сайланған 
Президенті қызметке кіріскен кезде тоқтатылады. 
Республика  Президенті  әкімдерді  өз  қалауы  бойынша 
қызмтеттен  босатуға  құқылы  (Конституцияның  87-бабының 
4-тармағы).
Әкімшілік басшыларының орынбасарлары тиісті әкімшілік 
басшы белгілеген міндеттерді бөлуге сәйкес міндеттерді атқарады. 
Әкімшілік басшы болмаған немесе оның өз міндеттерін атқаруы 
мүмкін болмаған жағдайда оның өкілеттігін бірінші орынбасары 
жүзеге асырады. 
Әкімшілік  басшыларының  орынбасарларын  жергілікті 
әкімшіліктің басшылары тағайындайды және қызметтен босатады.
Жергілікті  әкімшілік  пен  оның  органдарының  қызметін 
ұйымдық  құқықтық  және  материалдық-техникалық  жағынан 
қамтамасыз ету  үшін жергілікті әкімшілік аппараты құрылады. 
Бұл  аппараттың  мұндай  айрықша  ерекшеліктері  болады. 
Біріншіден,  оның  жергілікті  әкімшіліктің  міндеттері  мен 
өкілеттігін  жүзеге  асыруға  қатысуы  функционалдық  сипатта 
болады:  ол  ұйымдық-әдістемелік  және  ұйымдық-бұқаралық 
жұмысқа,  қабылданған  шешімдердің  заңдылығын  бақылау 
мен  орындалуын  тексеруге  жәрдемдеседі;  оған  жергілікті 
әкімшілікке заңдық, ұйымдық-техникалық, шаруашылық қызмет 
көрсету жүктелген. Екіншіден, бұл аппарат буыны жергілікті 


180
әкімшілік органдарының, кәсіпорындардың ,ұйымдардың және 
азаматтардың  атына  міндеттеуші  құқықтық  актілер  шығару 
құқығын пайдаланбайды, оған бағынышты әлдебір объектілер 
болмайды. Үшіншіден, мұндай аппараттың қызметтік сипаты 
оның «көлдеңенінен» әкімшілікке ғана бағынуын анықтайды. 
Аппартаттың штатын, еңбекке ақы төлеу және материалдық-
техникалық жағынан қамтамасыз ету жағдайларын республиканың 
Үкіметте  белгіленген  лимиттер  мен  шекті  қаржыларды  әкім 
бекітеді.  Қызмет  аппаратының  құрылымы  тиісті  жергілікті 
әкімшілік  міндеттерінің  көлемі  мен  сипатына  байланысты 
болады. Поселк, село әкімдерінде көбінесе іс жүргізуші мен 
есепші-кассирден  (бухгалтерден)  тұратын  аппарат  болады. 
Ол  іс  жүргізеді,  құжаттардың  сақталуы  үшін  жауап  береді, 
азаматтарға анықтамаларды рәсімдеп береді. Әскери міндеттілер 
әскерге шақырушылардың және т.б. бастапқы есепке алынуын 
қамтамасыз етеді. Облыстарда, аудандарда, қалаларда аппарат 
қабылдау  бөлімінен,  жалпы  бөлімнен,  ұйымдастыру-нұсқау 
бөлімінен,жергілікті әкімнің хатшылығынан, кадрлар бөлімінен, 
заң бөлімінен (бюросынан) немесе заңконсультанттарынан, т.б. 
тұрады. 
Жергілікті  атқарушы  билік  органдары  бөлімдер  басқар-
малар  және  өзге  де  бөлімшелер  мен  қызметтер  болып  табы-
лады.  Облыстық,  республикалық  маңызы  бар  қалалық  әкім-
шіліктері  бөлімдерінің,  басқармаларының  және  басқа  да 
бөлімшелер  мен  қызметтердің  үлгі  тізбесін  республиканың 
Үкіметі әзірлеп, бекітеді. Аудандық, қалалық әкімшілік бөлім-
дерінің  басқармаларының  және  басқа  да  бөлімшелері  мен 
қызметтерінің  тізбесін  жоғары  тұрған  әкім  әзірлеп  бекітеді. 
Жергілікті әкімшілік органдарының (республикалық бюджеттен 
қаржыландырылатындарын қоспағанда) штаттарын, еңбекке ақы 
төлеуді және  материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз 
ету жағдайларын республиканың Үкіметі белгілеген лимиттер 
мен шекті қаржылар шегінде жергілікті әкім белгілеп, өзгертеді. 
Әкімшілік органдарының басшыларын және басқа да лауа-
зымды адамдарын жергілікті әкім тағайындайды және қызметтен 
босатады.
Облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар депутаттардың 
жалпы  санының  жасырын  берген  2/3  көпшілік  дауысымен 
жергілікті  әкімшілік  органдарының  басшысына  сенбеушілік 


181
білдіруге  және  оны  қызметінен  босату  туралы  тиісті  әкімге 
мәселе қоюға құқылы.Ол бұл мәселе бойынша дәлелді шешім 
қабылдап, ол жөнінде тиісті мәслихатқа хабарлайды. Бөлімдер мен 
басқармалар жергілікті әкімшіліктің басқарушы органдары болып 
табылады. Олар тиісті мәслихаттардың, жергілікті әкімдердің, 
жоғары тұрған органдардың басқару салалары мен аясындағы 
шешімдерін орындау жөнінде қызмет етеді. Қызмет аппаратының 
бөлімшелерінен айырмашылығы – бөлімдер мен басқармалар 
тиісті  мәслихатқа  және  жергілікті  әкімдерге  бағындырылған 
тиісті салалардың мекемелерін, ұйымдарын, кәсіпорындарын 
басқаруды жүзеге асырады, өз құзіреті шегінде әкімшілік қызмет 
жүргізеді.  Бөлімдер  мен  басқармалар  өкілеттігінің  көпшілігі 
жергілікті әкімдер құзіретінің іске асырылуы мен байланысты. 
Сондықтан олардың қызметін тиісті жергілікті әкімнің басқаруы 
саласындағы қызметінің нысаны ретінде қарастыруға болады. 
Сонымен бірге жергілікті мемлекеттік басқару органдарының 
бір  түрі  болып  табылатын  бөлімдер  мен  басқармалар  тиісті 
министрліктердің және республика ведомстволарының (олардың 
органдары болмаса да) жүйесіне кіреді. 
Жоғары тұрған мемлекеттік басқару органдары бөлімдер 
мен  басқармалар  жөнінде,ең  алдымен  ұйымдық-әдістемелік 
басшылықты бақылауды жүзеге асыруға, олардың қызметінің 
әсіресе ғылыми-техникалық прогресс, өнімінің, қызмет көрсетудің 
және т.б. стандарттары мәселелерінде саланы дамытудың жал-
пы  бағыттары  мен  талаптарына  сәйкес  келуін  қамтамасыз 
етуге  тиіс.  Бөлімдердің,  басқармалардың  ұйымдастырылуы 
мен қызметінің бірқатар мәселелерін жоғары тұрған басқару 
органдары мен келісе отырып, жергілікті әкім шешеді (мысалы, 
ішкі істер бөлімдері мен басқармаларының басшыларын бекіткен 
кезде мәселе тиісті ішкі істер органдарының басшылығымен 
және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірлігі мен 
келісіледі).
 Бөлімдердің, басқармалар мен өзге де бөлімшелердің жүйесі 
негізінен жергілікті өкілді және атқарушы органдары қызметінің 
басты  салаларымен  ыңғайлап  құрылады.  Облыстық  және  ірі 
қалалардағы жергілікті атқарушы органдардың салалық басқару 
аппараты мейілінше сан салалы болады. Аудандық  аудандарға 
бағынышты қалалық атқарушы органдардың  аппараты шағын 
болады.


182
Қызмет саласына қарай бөлімдерді, басқармалар мен басқа 
да бөлімшелерді мынадай негізгі топтарға бөлуге болады:
1)өндіріс саласы( мысалы, жергілікті өнеркәсіп, күрделі 
құрылыс, сәулет-құрылыс және басқа бөлімдері мен басқармалар);
2)халыққа қызмет көрсету (экономика, денсаулық сақтау, 
еңбек және жұмыспен қамту, білім беру, халықтық әлеуметтік 
қорғау және т.б. бөлімдері немесе басқармалары);
3)құқық тәртібін және азаматтардың құқықтарын қорғауды 
қамтамасыз ету (ішкі істер, әділет бөлімдері мен органдары, 
АХАЖ, нотариат органдары және басқалар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет