24
Мемлекеттің ішкі функцияларына сондай–ақ мына тө-
мендегілер де жатады:
- идеологиялық, бұл функцияның мақсаты – халықтың
арасында мемлекеттің саясатын түсіндіру, осы азаматтардың
көпшілік тобының қолдауы мен мақұлдауын қамтамасыз ету,
бұқаралық ақпарат құралдарын, ғылыми білім беру, мәдени
ағарту және мекемелердің басқа да идеологиялық бағытын
аталған міндеттерді шешуге жұмылдыру. Әдетте, мемлекет
идеологиялық функцияны қамтитын мақсаттарға қол жеткізу
жолында қаржы алмайды, оны жүзеге асырушы мекемелер
жүйесін құрады, ниеттес және рухы жақын мемлекеттік емес
құрылымдар қызметін қолдайды;
- қорғаушы, бұл функцияконституциялық құрылымды
сақтау мен нығайту, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті,
заңдылықты, құқық тәртібін, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз ету, әлеуметтік және ұлтаралық
келісім мен тұрақтылықты реттеу, қылмыспен және құқық
бұзушылықпен күрес, мемлекет жарлығын қоғамдық өмірге
қатысушылардың барлығының сақтауына қол жеткізу міндетін
шешуге бағытталған. Мемлекет сот, құқық қорғау органдарының
және осы функцияны жүзеге асыру мен айналысатын билік
құралдарының ұйымдастыру – мәжбүрлеу жүйесін құрады,
олардың қызметін қаржыландырады, оның тиімділігін арттыру
шараларын қабылдайды, оның халық үшін қолайлы және ашық
болуын қамтамасыз етеді, қажеттілігіне қарай үкіметтік емес
құқық қорғау ұйымдарының жұмысын қолдап отырады;
- экологиялық, бұл функция айналадағы ортаны қорғауды,
табиғат байлықтарын сақтауды мемлекет тарапынан атқарылатын
қызметті қамтиды. Қазіргі кезеңде мемлекет ғылыми –
технологиялық прогресті жедел дамытудің және адамдардың
қызметінің басқа да түрлерінің болатын табиғатқа төніп тұрған
қауіпті.
Достарыңызбен бөлісу: