267
реттелген мүліктік қатынастар, сондай-ақ қатысушылар бір-
бірімен субьективті азаматтық құқықтармен және міндет-
термен байланысатын соларға қатысты (қатысты емес) жеке
мүліктік қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп
аталады.Г.Ф.Шешеневич өзінің «Орыс азаматтық құқығының
оқулығы» деген кітабында былай деп жазған: «кез келген
тұрмыстық қатынас оның заңдық нормаларымен қашан және
қаншалықты анықталса да заңдық қатынастар болады. Нақ осы
жағынан заңдық жағы болады, өйткені біреуі екіншісінен талап
ету құқығын алады, ал соңғысы заң ережелерінде айтылғандарды
орындауға, мысалы, белгіленген жалдау ақысын енгізуге
міндеттенеді».
Сонымен, азаматтық құқық мәселесі болып табылатын
мүліктік және жеке мүліктік қатынастарды реттеу мынадан
көрінеді, азаматтық құқық нормалары бұл қатынастарға
қатысушылардың мінез-құлқы көріне алатын және көрінуге
тиісті нәрсені айқындайды.
2.Азаматтық құқық қатынастарының ерекшеліктері мыналар
болып табылады:
Біріншіден, азаматтық құқық қатынастарының субьектірі
заң жүзінде тең құқылы, бір- біріне тәуелсіз, ол арқылы олар
басқа құқық қатынастарынан ажыратылады ( ерекшеленеді);
Екіншіден, азаматтық құқық қатынастары заңда көзделген
негіздер бойынша да көзделмеген негіздер бойынша да туындауы
мүмкін ( азаматтық кодекс 7- баб);
Үшіншіден, азаматтық құқық қатынастарының жағдайлары
мен мазмұнын белгілегенде тараптардың келісімі басым болады;
Төртіншіден, ерекшелеп бұзылған азаматтық құқықтарда
қорғаудың тәртібі мен әдісінің өзіндік өзгешелігінде болып
табылады (Азаматтық кодекстің 9-бабы).
Достарыңызбен бөлісу: