Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет541/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   537   538   539   540   541   542   543   544   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
606 
Метафизика дамуды өткен сатыны кайталаумен теңейді. «Бұл ай астындағы 
дүниеде еш жаңалық жоқ, бәрі де өз шеңберіне оралады. Қыстан кейін тағы да 
көктем, жаздан кейін келетін күз тағы да қыс мерзіміне әкеледі» деген «терең» 
пайымдауды оқырман талай рет естіген болар. Сырттай карағанда, дәл сол сияқты. 
Бірақ биылғы қыс өткенмен толык тең емес. Табиғатта біз байқай алмайтын, я 
болмаса мән бермейтін жаңалықтар өне бойы болып жатады да, мыңдаған жылдардан 
кейін белгілі бір жаңа сапаға әкеледі. Өкінішке қарай, адамның бұл өмірдегі өмірі өте 
қысқа. Егерде біз мыңдаған жыл өмір сүрсек, онда біз өміріміздің соңында табиғаттың 
жаңарғанын, жас кезімізде болмаған қүбылыстардың Дүниеге келгенін байқаған болар 
едік. Біз, мысалы, өткен заманда динозавр, птеродактиль сияқты алып жануарлар мен 
құстардың өмір сүргенін білеміз. Оның айғағы - жер астында қалған солардың 
сүйектерінің қалдықтары. Қорыта келе, табиғаттың өзі өне бойы даму үстінде екенін, 
метафизикалық «бір шеңбердегі қайталаудың» жалғандығын байқауға болады. 
Қоғамтану, саясат, дипломатия т.с.с. салаларда софистика мен эклектика - жиі 
кездесетін құбылыстар. Софистиканың шыққан тегі - көне Греция, нақтылап 
айтсақ, - Афиналық демократия кезеңі. Билікке ұмтылып, бақталастыққа бой ұрған 
Афинаның бай азаматтары сайлау кезеңінде халық алдына өз саяси бағдарламаларын 
ұсынып, бір-бірімен айтысқа түседі. Жеңіске жету, көп жағдайда, құлаққа жағымды 
майда сөйлеу, өз саяси ұстанымының ақиқаттығына сендіру, халық алдында өз 
даналығы мен көрегендігін көрсетумен т.с.с. байланысты болды (тіпті бүгінгі күнгі 
біздің өміріміз сияқты!!! Тек біз оны қазір «пиартехнология» дейміз). Ал ол үшін 
риторика (әсем сөйлеу өнері), қисын (ойды дәлелдеу, я болмаса терістеу өнері), 
философия (даналыққа жету өнері) сияқты пәндерден сабақ алуға тура келді. Бұл 
пәндерден сабақ беретін мамандар тыңдаушылардың талабына сай айтылған ойды 
қалайша теріске шығару, бұрмалауға болатыны жөнінде дәріс берді. Осы себептерге 
сәйкес софистика дүниеге келеді. Сондықтан да грек халқы «софистика» деген сөзді 
«жалған даналық» деп түсінді (софистиканың философиялык негіздерін қалаған 
Протагор жөнінде осы кітаптьщ «Антикалык философияға» арналған тақырыбынан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   537   538   539   540   541   542   543   544   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет