Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет556/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   552   553   554   555   556   557   558   559   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
622 
оның еңбекке деген күш-қабілеті. Оның тек өзіне ғана тән қасиеті өз бағасынан да 
жоғары қосымша құн тудыруында жатыр. Мысалы, капиталист жұмысқа қабылдаған 
адамға 500 доллар жалақы төлейді. Ол оның отбасын асырауға, өзінің күнбе-күнгі 
жұмысқа деген күш-қуаты мен қабілетін толықтырып отыруға жетеді. Бірақ ол 
шынында 1000, я болмаса 1500 долларға жуық материалдық игілік-терді жасауы 
мүмкін. Ол - капиталистің байлығын өсіретін қосымша құн. Оны, халықтың жалпақ 
тілімен айтсақ, қанау дейміз. Әрине, К.Маркстің ашқан бұл теориясының уақытында 
коғамның саяси саласы мен жұмысшы қозғалысына тигізген үлкен әсерін айтпай 
кетуге болмайды. Өйткені ол бұл құбылысты жекеменшікке негізделген 
шаруашылыққа ғана тән деген тұжырымға келеді. 
Алайда адамды адамның қанауы (эксплуатация) мемлекеттік (яғни қоғамдық) 
меншікке негізделген қоғамда да болуы мүмкіндігін өткен Кеңес қоғамының 
тарихы айкын көрсетті. Бұл қоғамда әсіресе ауылдағы механизаторлар, сауыншылар, 
кен өндірісіндегі шахтерлер, металлургтар т.с.с. топтардың қаналғаны қазір баршаға 
мәлім. Екінші жағынан алып қарағанда, бүгінгі дамыған капиталистік елдерде 
капиталдың өсуі, негізінен алғанда, жұмысшыларды қанаудан емес, ғылыми-
техникалық революцияның жетістіктерін ұтымды пайдалану аркылы іске асып 
жатқанын айтып өту керек. 
Негізінен алғанда, қанаудың негізгі анықтамасы — адамның мерзімсіз азып-тозуы, 
оның өмірінің қысқаруы болып табылады. Ал бүгінгі таңдағы дамыған елдерде адам 
өмірінің ұзақтығы өте биік дәрежеде болғандықтан, «қосымша құн» теориясы өзекті 
мәселе деп айта алмаймыз. 
Ал К.Маркстің ашқан екінші - тарихты материалистік тұрғыдан түсіну 
қағидасына келер болсақ, коғамтану саласында оған парапар тұжырымдама әлі 
жасалған жоқ деп айтуға болатын сияқты. 
Сан алуан қоғам өміріндегі байланыстар мен құбылыстардың ішінен К.Маркс 
материалдық қарым-қатынастарды басымдық түрінде бөліп алып, олардың іргелілігін 
көрсетеді. Оның себебі адамдардың қарапайым да табиғи күнбе-күнгі өмір сүру 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   552   553   554   555   556   557   558   559   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет