Нуржігіт Алтынбеков 624
Қоғамдық қатынастарды жалпы түрде алғанда горизонтальды және
вертикальды деп екіге бөліп талдауға да болады. Студенттердің оқу барысындағы
бір-бірімен қарым-қатынасы, әрине, горизонтальды. Ал студенттер мен
профессордың арасындағы қатынастар - вертикальды. Ол катынастар заңмен
бекітілген. Окытушы мен кафедра меңгерушісі, соңғының оқу орнының басшысымен
қарым-қатынасы да вертикальды. Өйткені оның негізінде әртүрлі дәрежедегі билік
лауазымы жатыр. Олай болмайынша, коғам хаосқа айналып, ешқандай тәртіп орнамас
еді.
Қоғамдық қатынастар қажетті түрде әртүрлі әлеуметтік ролдерді тудырады.
«Студент», «профессор», «кафедра меңгерушісі», «ректор», т.с.с. қоғам өмірінде
мыңдаған рөлдер бар. Тұлға жалғыз ғана бір рөлді ойнап қоймай, оның сан алуанына ие
болады. Мысалы, профессор сонымен катар «әке», «ата», «саяси қайраткер»,
«спортшы», «театрсүйгіш» т.с.с. сияқты рөлдерді аткаруы мүмкін. Сонымен, тек
актерлер ғана театр сахнасында ойнап қоймай, әр адам белгілі бір рөлдерді
ойнайды, оның сахнасы әлеуметтік кеңістікте. Окырманның байқағанындай, әртүрлі
рөлдер бір-біріне тең емес, әрбіреуінің өз «бағасы» бар. Оны әлеуметтануда
статус(алатын орны) деген ұғыммен береді. Мысалы, қарапайым мұғалім мен
ректордың статусы екі түрлі. Бірақ сол қарапайым мүғалім ректорлық жұмыска
тағайындалса, ол дереу сол статустың дәрежесіне сай келуі керек. Яғни статус оның
мінез-кұлкына, жүріс-тұрысына, ой-өрісі мен сөйлеген сөздеріне, іс-әрекетіне т.с.с. өз
әсерін тигізбей қоймайды.
Әлеуметтік статусы жағынан тең тұлғалар бір-бірімен горизонтальдық қоғамдық
катынастарға түсіп, еңбек нәтижелерімен алмасып, өз мұқтаждықтарын өтейді.
Әлеуметтік статусы тең емес жағдайда вертикальдық байланыстар пайда болады.
Бұл жағынан алғанда, қоғам құрылымының иерархиялық (жоғарғы-төменгі дәрежеде),
яғни теңсіздік түрде өмір сүретінін байқауға болады. Жоғарғы, орта деңгейдегі және
төмендегі әлеуметтік топтар деп адамдардың ойнайтын рөлдері мен статусы бойынша
қоғам құрылымын анықтауға болады. Сонымен статус — адамның қай әлеуметтік