Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет562/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   558   559   560   561   562   563   564   565   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
628 
Мұндай қоғамның материалдық байлықты жасауға көп мүмкіндіктері болғанмен, 
рухани жүдеуінің себебі де жекенің қауымдық мүддеге қарағанда жоғарылығында 
болса керек, өйткені шынайы адамгершілік қоғамдық мүддені жекеден гөрі жоғары 
ұстағанда ғана болады. Екінші жағынан, Батыс өркениеті техниканы, соғыс 
құралдарын дамытудың негізінде 16 ғ. бастап бүкіл дүние жүзін өзіне бағындыру 
саясатын жүргізіп, көп елдерді бодандап, бүкіл жер бетінің ресурстарын өз 
пайдасына жаратты. Яғни бүгінгі Батыс өркениетінің материалдық жағынан алып 
қарағандағы гүлденуіне ғасырлар бойы бүкіл адамзат өз үлесін қосты деп 
айтуымызға болады. 
Соңында біздің бүгінгі өмірмен тығыз байланысты «нарықтық қоғам» деген 
ұғыммен танысайық. Бүгінгі таңда нарықтық қатынастардың (қоғамның қай саласы 
болмасын) шешуші рөлімен санаспайтын адам жоқтың қасы шығар. Әсіресе бұл 
қоғамда материалдық игіліктерді өндіру, сауда-саттық негізгі сала болып есептеледі. 
Мемлекет заң шығару арқылы нарықты дамытуға барлық жағдай жасайды, ал іскерлер 
тобы қоғамның негізгі «қозғаушы күшіне» айналады. Сонымен қатар нарықтық 
қоғамда әр адамның өз «бағасы» бар, ол өз қабілеттерін, шеберлігін, білімін т.с.с. 
нарық таразысына салады. Сонымен нарықтық қоғамда әр адам, бір жағынан, сатып 
алушы болса, екінші жағынан, өз тауарын сатады. Ол, мысалы, профессордың білімі, 
артистің өнер шеберлігі, жазушының романы, суретшінің суреті, архитектордың үй 
жобасы, қолөнершінің сақинасы мен шолпысы т.с.с. Адамның әлеуметтік статусы - 
оның істейтін ісінің тауар ретіндегі өтімдігі, ақшаға айналуы. Сонымен адам 
қалтасындағы ақшасының қалыңдығымен бағаланатын болды. Егерде адамның 
статусы тек байлыққа келіп тірелсе, онда адамдардың арасында қатты бәсекелестік 
басталып та кетеді. Әлсіз, сайысқа шыдамағандар қоғамның шетіне шығып, өзін
бейшара ретінде сезінеді. Пайда әкелмейтіннің бәрі есепке алынбайды. Мұндай
жағдайда жақсы жасалған жеңіл машина нарықта өтеді де, композитордың жазған 
симфониясы, я болмаса реквиемі, ақынның өлеңі өтпей қалуы мүмкін. Достық,
сүйіспеншілік, нәзіктік, абырой-намыс сияқты моральдық кұндылықтар көп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   558   559   560   561   562   563   564   565   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет