Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет566/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   562   563   564   565   566   567   568   569   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
632 
Бұрынғы Кеңес Одағындағы социалистік қоғамды орнатудағы орасан зор 
жасампаздықпен қатар қайғыға толы іс-әрекеттер тарихи тұйыктыққа әкелгенін 
жақсы білеміз. Алайда оның кінәсін К.Маркстің теориясынан іздеу дұрыс болар ма 
екен? Мүмкін, оған кінәлі «марксизмді жаңа дәуірде шығармашылық жолмен ары 
қарай дамытқан» большевиктердің көсемі Ленин болар? Расында да, капиталистік 
қатынастар әлі күшіне кірмеген, тіпті кейбір жерлерде тағылықтың іздері әлі өшпеген 
феодалдық елде социализм орнатамыз деп лепірген революцияшыл топтардың тарихи 
кінәлілігін айтпай кетпеуге болмайтын сияқты. Екінші жағынан, қоғамдағы терең де 
жүйелі дағдарыстың өршіп, халықтың шыдамының таусылғаны да оған себеп болса 
керек. Алайда бүгінгі таңдағы әлеуметтік мемлекет орнаткан кейбір елдерге көз 
жіберсек (Швеция, Финляндия; Голландия т.с.с.), ол елдерді К.Маркстің заманындағы 
капиталистік коғаммен толығынан салыстыруға болмайды. Мемлекет тарапынан 
жасалған келемді әлеуметтік бағдарламалар әлсіз топтарға біршама көмек көрсетіп, 
олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Сонымен дамыған капиталистік елдер 
ешқандай революция, қантөгіс төңкерістері-ақ бірте-бірте әлеуметтілікке қарай 
жылжып бара жатыр. Ал социализм дегеніміздің өзі әлеуметтілік деген мағына бермей 
ме? Олай болса, К.Маркстің социалистік қоғам жөніндегі тарихи болжамы бірте-
бірте іске асып келе жатқанға ұқсайды. Енді маркстік коммунизм идеясына келер
болсақ, оны «бітпейтін ағыл-тегіл материалдық байлыққа» теңесек (осындайғып
оны түрпайыландырған бұрьшгы Кеңес көсемдерінің бірі Н.С.Хрущев болған-
ды), онда ол ешқашанда болмайтын қиял ғана деп есептеуге болады. Өйткені бұл 
дүниеде бәрі де шектелген. Ал, бірақ ол болашақтағы әр адамның гүлденуі, жан-
жақты дамып, шығармашылық деңгейге көтерілуі десек, — оның іске асуы мүмкін. Бұл 
теорияның тағы бір осал жері — тек қоғамдық меншіктің ғана болашағын мойындау, 
басқа меншік формаларына қарсы шығу. Диалектикалық дүниетануды қаншалықты 
меңгергенмен, К.Маркс саясатқа келгенде қиялға бой берген болса керек. Өткен 
Кеңес қоғамындағы мемлекеттік меншік шаруашылықты монополизациялап, 
акырында іріп-шіріп кеткен жоқ па? 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   562   563   564   565   566   567   568   569   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет