Нуржігіт Алтынбеков 633
Сонымен қатар К.Маркстің теориясындағы тарихи үрдістегі революцияның,
зорлық-зомбылықтың рөлін асыра көрсетуі сол кезде болған әлеуметтік-саяси
ахуалдан, содан ашынудан шықса керек. Қандай ұлы адам болғанымен, бұл тұлға да
өз заманының перзенті болғанын айтып кету қажет. Олай болса, ол да қателескен.
Бүгінгі заманның шыңынан тарихқа көз жіберсек, бірде-бір тарихтағы болған
революцияның алдына қойған мақсат-мұраттарына жетпегенін, керісінше,
миллиондаған адамдарды қайғы-қасіретке, адам шошынарлық қантөгіске әкелгенін
көреміз. Тарихи үрдістен шығатын бүгінгі адамзаттың көзі жеткен тұжырымы -
коғамды күнбе-күнгі қажымас еңбек, өзара келісімге келу, қайшылықтарды
бейбіт жолмен шешу арқылы өзгерту, даму болмақ.
в) мәдениет және цивилизация. Тарихты цивилизациялық-мәдени жолмен
талдау мәселелері
Тарих философиясының іргелі категорияларына мәдениет және цивилизация
ұғымдарын жатқызуға болатын сияқты. Көп жағдайларда олар бір мағыналық
дәрежеде пайдаланылатыны да рас. Мәдениет деген түбі араб сөзі «калалық», ал
цивилизация деген латын сөзі де алғашқы уакытты «қалалық», «азаматтық» деген
мағынамен сөздіктерге кірген. Ал Орта ғасырларда «кала» деген ұғымды «қоғам»
ретінде түсінсе, онда олардың бір-бірімен уласып кететіні де рас. Сонымен, кең түрде
алғанда, мәдениет деп тағы алғашкы табиғатқа қарсы тұрған, адамдардың іс-әрекеттері
арқылы өзгертілген дүниені айтамыз. «Культура» деген сөздің өзінің түп мағынасы
«өңдеу», «өзгерту», ал «культ» деген сөз белгілі бір нәрселерге табыну, көну деген
мағына береді. Ал өзгертілген дүниенін. (оны кейбір кезде «екінші табиғат» дейді)
ерекшелігі неде? Өзгертілген заттарда адамның ақыл-ойы, шығармашылык іс-
әрекеттері заттанады. Сол заттарды игеріп, пайдаланған кезде ондағы заттанған рух
тағы да «жалт етіп жанып» адамның санасының құрамдас бөлігіне, яғни оның ішкі
дүниесіне айналады.
Бұл арада оқырманның назарын мына нәрсеге аударғымыз келеді. Сол айнала
коршаған ортаны өзгертудің өзі - табиғатқа бейімделудің бір түрі ғана. Мысалы, көне