Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет569/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   565   566   567   568   569   570   571   572   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
635 
Біріншіден, цивилизация алғашқы қауымдық коғамнан кейін дүниеге келетін 
адамзат тарихының сатысы (Л.Морган, Ф.Энгельс). Екіншіден, цивилизация 
дегеніміз қоғамның алып заттық денесінің пайда болып, адамдардың материалдық-
сезімдік өмірлік бағытына көшуі, руханияттың азғындауы (О.Шпенглер, 
Ж.Ж.Руссо). Үшіншіден, цивилизация дегеніміз, белгілі бір географиялық ойкуменада 
(аймақта) қалыптасатын ортақ дүниесезім мен өмір салты, мәдени құндылықтар, 
шаруашылық формалары (А.Тойнби, В.Данилевский). Төртіншіден, өндіргіш күштер 
дамуы биік дәрежеге көтеріліп, негізгі қоғамдық қатынастардың заңмен ретке 
келтірілуі, адам құқтарының бұлжымай орындалуы, «тұтыну қоғамының» орнауы 
(Д.Бэлл, З.Бзежинский). Бесіншіден, цивилизация дегеніміз, сайып келгенде, дін 
арқылы берілетін моральдық-рухани құндылықтардың негізінде ұйымдасқан қоғам 
(В.Мак-Нил, С.Хантингтон). Әрине, мұндай көпмағыналық ұғым тарихи үрдісті әртүрлі 
тұрғыдан талдауға мүмкіндік береді. Қалай дегенде де, әрине, алғашқы қауымдық қоғам 
белгілі бір дәрежедегі мәдениетті тудырғанмен, цивилизация емес. XX ғ. өмір сүрген 
көрнекті неміс ойшылы К.Ясперс цивилизация «кіндікті заманда» - б.з.д. ҮІІІ-ІІ ғғ. 
дүниеге келеді деген пікір айтады. «Бұл кезде Шығыста да, Батыста да бүкіл адамзат пір 
тұтатын ойшылдар дүниеге келіп, өз халықтарын адамгершілік жолға түсіреді. Олар: 
Лао-Цзы мен Кон-фу-цзы (Қытай), Махавира мен Гаутама Сидхарт-ха, соңынан Будда 
аталған (Үндістан), Заратустра (Парсы), Сократ, Платон, Аристотель (Греция), 
Палестина топырағында дүниеге келген Библияда көрсетілген кейіпкерлер», - деп 
қорытады К.Ясперс. Алайда кіндікті заманды материалистік тұрғыдан түсінуге болар 
ма екен? Аталған уақыт адамзаттың кола дәуірден өтіп, темір дәуіріне келген кезін 
көрсетеді. Соқаның басына байлаған темірден жасалған жер жыртқыш жердің өңделуін 
анағұрлым жақсартып, көп өнім алуға мүмкіндік береді. Ал оның өзі қажеттіліктен 
артық байлықтың дүниеге келуіне, соның нәтижесінде ең алдымен заттарды 
айырбастау, соңынан олардың бәрін теңейтін алтын, кейін акшаның пайда болуы 
әлеуметтік айырмашылықты тудырады. Жекеменшік дүниеге келіп, мемлекеттік 
дәрежеде ұйымдасқан коғамның формасы келеді. Енді коғамда дене еңбегімен тікелей 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   565   566   567   568   569   570   571   572   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет