Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет572/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   568   569   570   571   572   573   574   575   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
638 
мәдениет формалары әрқашанда әртүрлі болмақ. Бірақ казіргі жағдайда Атлантикалык 
цивилизация дүние жүзіндегі басқа халықтарға үстемдік көрсетіп, олардың 
мыңдаған жылдар бойына жинаған мәдени тәжірибесіне, құндылықтарына нұқсан 
келтіруде. Дегенмен де А.Тойнби тарихқа деген О.Шпенглердің пессимистік 
көзқарасына қарсы. Тарихи дамуда белгілі бір мәдениет қандай қиындық көрсе де, 
оны адамның ерікті де жауапты іс-әрекеттері аркылы жеңе алады. Оны көрсету үшін 
ойшыл тарихи сопылыққа екі жаңа категория енгізеді. Біреуі - қоғам алдына қоятын 
тарихтың Талабы болса, екіншісі - оған берілетін қоғамның Жауабы. 
Цивилизацияның өсуі, әрі қарай күрделенуі - сол нақтылы заманның қойған 
Талаптарына сәйкес келетін шешімдер, Жауапты табу болмақ. Егерде ондай 
Жауапты элита таба алмаса, онда ол цивилизацияның сағы сынып, оның күйреуіне жол 
ашылады. Сонымен цивилизация тағдыры азшыл шығармашылық топтың іс-
әрекеттерімен тығыз байланысты. 
А.Тойнбидің енгізген бұл категорияларының методологиялық маңызы өте зор. Ол 
әсіресе модернизация, жаңару үрдісіндегі көп дамып келе жатқан елдерге аса қажет. 
Тәуелсіздіктің басында, Елбасының басшылығымен жасалған жаңа ұлттык саяси 
элиталы шешімдерінің арқасында заманның қойған Талабына біз дұрыс Жауап 
қайтара алдық. Соның нәтижесінде Қазақстан өз тәуелсіздігін уыстан шығармай, жаңа 
мемлекеттің іргесін нығайтуда. Егерде сол кезде басқа элита тобы болып, заманның 
Талабына сәйкес Жауап таба алмағанда, Қазақ елінің тағдыры аянышты болуы 
мүмкін еді. 
Қазіргі адамзаттың дағдарысынан шығу жолын ойшыл Бүкіл дүниежүзілік рухани 
бірліктен көреді. Ал ол үшін дүниежүзілік діндердің аса қадірлі жақтары біріктіріліп, 
бірегей Дүниежүзілік дін дүниеге келуі керек. Сонда ғана әртүрлі цивилизациялардың 
басы бірігіп, бүкіл адамзаттың әрі карай дамуына жол ашылады, - деп А.Тойнби өз 
ойларын корытады. Цивилизациялық талдаудың соңғы үлгілерінің біреуі XX 
ғасырдың 60 жж. аяғында жасалған болатын. Осы кезде К.Маркстің жасаған 
формациялық теориясына канағаттанбаушылық байқалды. Өйткені Кеңес Одағындағы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   568   569   570   571   572   573   574   575   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет