Нуржігіт Алтынбеков 640
цивилизацияға ауысады. Бұл қоғамның дүниеге келуі, негізінен, машиналық
өндірістің пайда болуымен байланысты. Олай болса, материалдык игіліктердің пілдей
бөлігі қалада өндіріле бастайды, ауыл болса тек шикізат өндіретін дәнекерге айналады.
Негізгі халық урбанизация (urban - қалалық, лат. сөзі) үрдісіне түсіп, қала
тұрғындарына айналады. Орасан зор мыңдаған жұмысшылар бір жерде шоғырланған
зауыттар мен фабрикалар пайда болады. Адамдардың бір-біріне тәуелділігі жойылып,
занды түрде олардың құқтары теңеледі. Соның нәтижесінде зорлық-зомбылыққа
негізделген еңбек жойылып, оның орнына экономикалық мүдделілік келеді. Бір
жағынан, капитал иелері, екінші жағынан, жұмыс істеу қабілеті, күшінен басқа
ештеңесі жоқ адамдар бір-біріне қосылып, еңбек үрдісін кұрайды. Индустриалдық
қоғам өндіргіш күштерді бірнеше ғасыр шеңберінде бұрың-соңды болмаған дәрежеге
көтереді. Өне бойы жаңарып жатқан машиналар мен өндіріс жабдықтарын игеру үшін
халықты ағарту, білім беру қажет болды. Жалпы алғанда, халықтың тұрмыс және
мәдени деңгейі анағұрлым биік дәрежеге көтеріледі. Дегенмен екі қарама-қарсы
мүдделері бар капиталистер мен жұмысшы таптар арасындағы қайшылықтар өршіп,
әртүрлі таптық күрес формаларын тудырады. Ақырында, 350 жыл шамасына созылған
тез қарқынды индустриалдық даму екі үлкен дағдарысқа келіп тіреледі: олар бір-
бірімен тығыз байланысты энергетикалық және экологиялық қиындықтар болатын.
Аталған дағдарыстардан шығу жолында жаңа компьютерлік технологиялар
дүниеге келіп, энергияны аз пайдаланатын, олай болса, экологиялық жағынан да
ұтымды өндіріс ошақтары пайда болады.
Сонымен XX ғ. 60 жж. біршама индустриалдық жағынан дамыған қоғамдар
постиндустриалдық (роst - кейінгі) сатыға көтеріледі. Оны кейбір кезде
информациялық(ақпараттық) қоғам дейді. Бүгінгі таңда постиндустриалдық сатыға
жеткен елдерде 1 млрд. жуық адам өмір сүреді (әдебиетте оларды «алтын
миллиард» деп атап кеткен). Бұл елдерге Батыс Европа елдерін, АҚШ, Канада,
Австралия мен Жаңа Зеландия, Жапония, Малайзия, Сингапур т.с.с. жатқызуға болады.
Бұл сатыға жеткен қоғамдар қандай сапалық ерекшеліктерге жетті?