Нуржігіт Алтынбеков 643
техникалык прогрестің айнала қоршаған ортаны аздырғаны жөнінде, табиғаттың
айбындылығы мен сұлулығына қазіргі адамның мән бермей-тінін, оның күшті де
ыстық сезімдерінің саркылып, зардап пен қуаныш-шаттықтың орнына зерігудің
келгенін қазіргі адамзаттың күнәсі ретінде алға тартады. Ал Франкфурт мектебінің
өкілі М.Хоркхаймер жоғарыда көрсетілген кемшіліктердің негізгі себебін Батыс
адамының коршаған ортаны өзгертіп, билеп-төстеуге бағытталған құштарлығынан
көреді.
Бұл айтылған пікірлерден шығатын бірауыз сөз - ол қазіргі Батыс технократизмі
мен сциентизмінің болашағынын жоқтығы, бұл жолда адамзаттың бірде-бір негізгі
мәселелерінің шешілмейтіндігі болса керек. Қазіргі адамзаттың корланған сан алуан
қайшылықтары тек қана рухани жаңару, қайта түлеудің негізінде шешілуі қажет.
Біздің ойымызша, бұл жолда көшпенділердің адамзатқа берері баршылық.
Өйткені олар ар-намысты материалдық байлыққа жетуден гөрі биік ұстаған. Қазақ
санасында «қанағат» ұғымы үлкен орын алады. Жалпы алғанда, өмірлік бағытқа
деген көзқарастың негізінде Батыста «ене-бойы жетіспейтін экономика», ал Шығыста
«молшылық экономикасы» өмір сүреді деген пікірді біз Батыс ойшылдардың өзінен
естиміз. Бір карағанда мұндай пікір ақылға сыймайтын абсурд сияқты. Бірақ оның
шындығы мынада. Батыс коғамында өндіргіш күштер анағұрлым биік дәрежеде
болғанымен, тойымсыз коғамды қанағаттандыру мүмкін емес.
Шығыс қоғамында экономиканы адамның негізгі қажеттіліктерінің өтелуімен
байланыстырады. Ал одан артық өндірілген заттар молшылыққа әкеледі.
§ 3. Формациялық және цивилизациялық-мәдени тұрғыдан қарағандағы Қазақстан қоғамы Енді бүгінгі таңдағы Қазақстан қоғамына формациялық және цивилизациялык
тұрғыдан қандай баға беруге болар екен деген сұрақ туады. Егерде біз формациялык
тұрғыдан талдау жасасақ, онда социализмнің пісіп-жетілмеген ерте түрінен
буржуазиялық-демократиялық сатыға қайта оралғанымызды байқаймыз. Оның