Нуржігіт Алтынбеков 646
жасап та үлгерді. Үлкен жетістіктердің бірі – экономиканы нарыктық жолға кою.
Мыңдаған жылдардағы даму үрдісінде адамзат нарықтық экономикадан басқа тиімді
жолды таба алмады. Бұрынғы Совет елінде жасалған жоспарлы экономика нарыққа
қарағанда өзінің әлсіздігі мен тиімсіздігін ашык көрсетті. Енді, міне, бүгінгі таңда жер
бетіндегі басқа мемлекеттер Қазақ елін нарықты мемлекет ретінде мойындап отыр.
Тоталитарлық жоспарлы экономикадан үзілді-кесілді бас тарту, мемлекеттік меншікті
жекешелендіру біршама қателіктермен жүргізілсе де, белсенді топтарды тудырып,
аударылып жатқан экономиканы аяғына түрғызды. Кіші және орта іскерлікті дамыту
саясаты миллиондаған адамдарды жаңа ахуалға тартып, олардың өмірге деген белсенді
талпынысын тудыруда. Нәтижесінде, соңғы жылдары халыктың әл-ауқаты жоғарылап,
елдің жаркын болашағына деген сенім карапайым халықтың жүрегінде ұллады.
Әсіресе қомақты өзгерістер қоғамның саяси-құқтық салаларында байқалады.
Демократиялық принциптерге негізделген жас мемлекет бірте-бірте өз күшіне енуде.
Елді нақтылы басқарып отырған атқару билігі өзінің кәсіби шеберлігін шыңдау
нәтижесінде бүл салаға талантты көп жастар тартылды. Екі палатадан тұратын кәсіби
парламент заң шығармашылығымен айналысуда. Сот билігі де біршама терең
өзгерістерге түсіп, халықтың сеніміне кіруде. Ақпарат тарату саласына келер болсақ,
бүгінгі таңда сан алуан жекеменшіктік газет-журналдар, радио және телестансалар
жұмыс істеуде. Жеке адамдардың бас бостандығы мен құқтарыньщ қорғалу деңгейі
жыл артып өсуде.
Бүгінгі дамыған коғамдарда заттык қорланған байлық емес, адам факторы негізгі
қоғам дамуының кайнар көзіне айналуда. Әр адамның табиғи дарынын талантқа
айналдырып, оны шығармашылық деңгейге дайындайтын — университеттер. Олай
болса, тәуелсіздікті алғаннан бері білім беру жүйесін дамытуға да көп көңіл бөлінді.
Көп жоғары оқу орындары университет болып қайта күрылды, жекеменшікке
негізделген оқу орындары жүмыс істеп бәсекелестік бұл салаға да жетті.
Дербестік алған халыктың тез арада шығармашылык мүмкіндіктері гүлдеп, казак
мәдениет қайраткерлері бүкіл дүние жүзіне халқымыздың өз ерекшелігі, қайталанбас