Нуржігіт Алтынбеков 651
нәтижесінде халықтың әл-ауқаты, мәдениеті мен білімі өсті. Әрине, индустриалдық
қоғамның дамуы да қайшылықтар, оларды шешу арқылы жүріп отырды.
XX ғ. ғылыми-техникалық революция, оның жетістіктерін өндіріс саласында
тиімді пайдалану өндіргіш күштерді әрі қарай күрт өсіріп, материалдық байлықтың
жаңа көздерін ашты. Дегенмен де осы ғасырдың ортасына қарай бүкіл қоғам өзінің
мәресіне жетіп, екі үлкен дағдарысқа келіп тірелді. Ол энергетикалык және сонымен
байланысты экологиялық дағдарыс еді. Индустриалдық қоғам оларды аз уақыттың
шеңберінде ғылыми-техникалық жетістіктерге сүйене отырып, жаңа электрондық,
ақпараттық технологиялар жасау арқылы шешіп, тіпті жаңа экономиканы тудырды.
Бұл жаңа қоғам постиндустриалдық қоғам деп атала бастады.
Кейбір батыс ғалымдарының пайымдауынша, алдағы болашақта экономика саласы
толығынан автоматтар мен роботтардың үлесіне тимек. Мұндай жағдайда адамдардың
өмір мазмұны бос уақытты мейлінше сезімдік ләззат алып өткізумен және де тұлғаны
құмартатын, сүйетін нәрсемен (хобби) айналысу болмақ. Ал К.Маркстің ойынша,
өндіргіш күштер өте биік дәрежеге көтеріліп, коғамдык байлық ағыл-тегіл болған
кезде, адамдардың тектік кабілеттері мен күш-жігерінің әлеуметтік кеңістігі өсіп, олар
рухани шығармашылық жолына түсіп, шексіз даму мүмкіндігіне ие болады.
Біздің ойымызша, қазіргі Батыс елдеріндегі «тұтыну қоғамы», сондағы кең
етек алып кеткен «материалдық-сезімдік» өмір бағыты жоғарыда көрсетілген
жағдайда мидың ләззатты сезінетін бөліктеріне электродтар арқылы импульстар
бергізіп, «жаңа нашақорларды» тудырмасына кім кепіл болады. Мұндай тұжырымдар
дүниежүзілік діндердегі негізгі аяндардың бірі - Иса пайғамбардын ауыр жүгінің
барлық адамдарға қатысы бар екенін ұмыт кылады. Ізгілік бар жерде зұлымдық та
бар, шың қаншалыкты биік болса, құз да соншалыкты терең екенін казіргі адамзат
ұмытқандай.
Экономика саласы адамдардың негізгі материалдык мұқтаждықтарын өтеуі
керек. Оның сыртында нағыз адами даму жатыр. Ол рухани-шығармашылык, адам
өмірінің, жер бетіндегі тіршіліктің, тіпті керек десеңіз, ғарыштың мән-мағынасы