Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет660/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   656   657   658   659   660   661   662   663   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
728 
берген өмір жасы, яғни уақыты. Бұл дүниеде бірде-бір жасалған ұлы нәрсені істеген 
адамдар, әрине, өз өмірінің шектелгенін біліп, сондықтан асығып, «соны үлгірсем екен» 
деген ой-үмітпен оларды аяқтады емес пе?! Егер ол мәңгілік өмір сүрсе, сол ұлы істерді 
бастамас та еді ғой!! Антик дәуіріндегі стоиктер: «Өлімді есіңнен шығарма!» - деген 
болатын. Оның терең мәні - өз өміріңде әр іс-қимыл, басқа адамдарға деген 
қатынастар, айтайын деген сөзіңді өмірдің соңындағы сияқты сезінуде. Мұндай 
өмірлік бағытты ұстау - адам өміріндегі қайсыбір уақиғаны терең сезініп-тебіренуге, 
мейлінше мазмұнды өмір сүруге әкеледі. Жайшылық өмірде байқалмайтын кішігірім 
нәрселерге көніл бөлініп, Дүниенің ғажаптығы айқындалып сезіледі. 
Бұл Дүниеде қайсыбір тіршілік формасы, — соның ішінде адам да, - бір ұрпақты 
екінші ұрпақпен ауыстырып, өз өмірін жалғайды. Табиғаттың «даналығы» - осында. 
Соның арқасында алға өрлеу, даму бар. 
Әр адам өлімді адамның жүрегі мен тынысы тоқтап, санасының өшуімен 
теңейді. Дегенмен де адамның кейбір жақтары әлі де болса талай күндер тіршілік 
жасайды. Мысалы, адамның сақал-мұрты, шашы, тырнақтары дене толығынан шіріп 
біткенше өсе береді... Егер адамның жүрек қысымы өсіп, оның миына қан құйылса, ол 
ешкімді танымай, өзіндік санадан айырылғанмен, талай айлар төсек тартып, тірі 
болып қала беруі мүмкін. Бірақ ол тұлғалық қасиеттерден толығынан айырылды. 
Кейбіреулер ондай адамға «тірі өлік» (живой труп) деген ат береді... Уақытында ұлы 
Платон: «Философия ғылымы бізді абырой -мен өлуге үйретеді», - деген болатын. 
Бұл пікірге толығынан қосылуға болатын сияқты. Кейбіреулер өмірінің жартысын 
«гүлге қонған көбелек» сияқты өткізіп, қырыққа келіп, ақылы тоқталған кезінде өз 
алдына өмірлік мақсаттар қойып, оны асыға істей бастайды. Бірақ көп жағдайда 
«Ұлы мәртебелі Табиғат» оларды аяқтауға уақыт бермейді. Ондай адам өлер алдында 
бұлқан-талқан болып, бүкіл ағайын-туғандарын аяқтарынан тік тұрғызып, көп 
жағдайда азапқа салады. Ондай адамға өлер алдында «Әттең-ай!» деген өкініш келіп, 
сол аянышты сезіммен өмірден кетеді. 
Екіншілерге өлім үрейін аттап өтуге діни сенім көмектеседі. Олар тәні 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   656   657   658   659   660   661   662   663   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет