Нуржігіт Алтынбеков 730
қатерлі ісікпен (рак) ауырып, қатты зардап шегуде, я болмаса қартайып, қолынан күш
кетіп, ешкімге керек болмай қалған т.с.с. жағдайда қоғам ондай адамдарға өз еркімен
дүниеден кетуге көмектессе де болатын сияқты.
Бірақ мұндай көзқарас бүкіл дүниежүзілік діндердегі өмір жөніндегі терең
интуицияларға (көкей көзге) қайшы келеді. Бұл Дүниеге келген әр адам Иса
пайғамбардың арқалаған ауыр жүгіне мойынсынуы керек. Екіншіден, бірде-бір адам
өмір соңында «қайғылы үштікті» (зардап, күнә, өлім) аттап кете алмайды. Ол да болса
өмірдің соңғы тәжірибелерінің бірі, қоршаған адамдарға ой салатын өнеге емес пе?!
Соңғы өмір зардаптарынан өту - адам рухын шексіз күшейтіп, оның ішкі жан дүниесін
тазартып, адамның абыроймен бұл дүниемен қоштасуына мүмкіндік жасайды.
Мәселеге философиялық тұрғыдан келсек, бұл Дүниеде адамнан асқан
құндылық жоқ, сондықтан ешкімнің де адам өмірін қиюға (соның ішінде адамның өзін-
өзі де) құқы жоқ.
Аутоназияның моральдық-құқтық жағына келер болсақ, ғалымдардың айтуына
қарағанда, заңды түрде оны өмірге енгізгенде, неше түрлі басқа теріс салдарлар
пайда болуы мүмкін. Мысалы, адамның дене мүшелерін сату, екіншіден, адам жүрегіне
үрей салып өмірден кету жөнінде шешімге келуге мәжбүрлеу т.с.с. келеңсіз
жағдайлардың пайда болуы ғажап емес.
Бүгінгі таңда тек Голландия елінде парламент деңгейінде аутоназия жөнінде заң
қабылданып, ол іске асуда.
Енді келесі үлкен мәселені - өлместікті талдауға уақыт келген сияқты. Бұл мәселе
адам өмірі мән-мағынасымен тығыз байланысты екенін сол сәтте байқауға болады. Егер
бұл дүниеге келген адам өз ізін қалдырмаса, онда ол не үшін келді, оның жаңбыр
құртынан айырмашылығы кандай деген сұрақ пайда болады емес пе!
Өлместік мәселесі қайсыбірдіннің өзегін құрайды. Құдайдың бар, я болмаса жоқ
екенін ешқашанда ешкім дәлелдей алмаса да, миллиардтаған адамдар осы уакытқа
дейін Оған сенеді, өйткені өлместікті аңсайды. Өлместік идеясы сонау көне заманда
адамдардың өлімнен қорқу сезімінен өз бастауын алады. Көне Үндістан және