Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет663/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   659   660   661   662   663   664   665   666   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
731 
Мысыр елдерінде адам өлгенде оның жаны басқа денеге көшетіні жөніндегі 
идеялар қалыптасты. Буддизмдегі мойындалатын нәрсе - жан әрбір жаңа денеге 
көшкен сайын өз күнәсінан тазара береді. 
Көне гректер адам өлгеннен кейін оның екінші өмірі басталады деген пікірде 
болған. Олардың ойынша, құдайлар мен адамдардың арасында онша көп 
айырмашылық жоқ, өйткені жақсы адам өлгеннен кейін өлместік сыйына ие болып, 
құдайлардың қатарына кіреді. Ал құдайларға келсек, олар өмір сүріп жатқан 
адамдарға келіп, қарым-қатынасқа түсіп, тіпті жердегі әйелдер олардан аса күшті ер 
балалар, я болмаса аса сұлу қыз балаларды туады екен. Мысалы, Геракл Зевс 
құдайы мен Алкмена деген әйелден туыпты-мыс. 
Бүгінгі таңдағы иудаизм, христиандық және ислам діндері адам өлгеннен кейінгі 
оның жан дүниесінің өлместігін мойындайды. Дегенмен де бүгінгі таңдағы бірде-бір 
дін өмір, я болмаса, өлімнің не екенін түсінікті ғылып адамға жеткізе алмайды. 
Идеалистік философиядағы өлместік жөніндегі ойлар діни көзқарасқа өте жақын. 
Алайда мыңдаған жылдарға созылған адамзат тәжірибесінде ешкім де қайта 
тірілген жоқ және қазіргі білімді адамға «о дүниеде денесіз мәңгі өмір сүретін жанды» 
көзге елестету өте қиын шаруа екенін ашық айту керек. Көп адамдар оған сенбейді де. 
Олай болса, өлместік деп нені түсінуге болады? Бүгінгі таңдағы ғылыми 
деректерге сүйене отырып, біз тіпті дене ретінде де мүлде өшпейтінімізді айтып 
кетуіміз керек. Өйткені өмір жаңа өмірді тудырып, өз өмірін жалғастыра береді. Біздің 
бет-әлпет, мінез-құлық, сезім, дене бітім, табиғи дарын т.с.с. ерекшеліктеріміз 
толығынан болмаса да, болашақ ұрпақтарға дариды. Олай болса, біз толығынан бұл 
өмірден кетпейміз, бала, немере өмірі арқылы қала береміз. 
Енді адамның жан дүниесі, рухына келер болсақ, ұлы адамдардың шығармашылық 
ісі адамзат тарихында мәңгілік сақталады. Абай, Құрманғазы, Шоқан, т.с.с. мыңдаған 
қазақ халқы тудырған асылдар өз шығармашылығымен тарихта мәңгі өмір сүреді. 
Олардың тудырған рухани құндылықтарынан біз мәңгіліктің қоңыр лебін сезінгендей 
боламыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   659   660   661   662   663   664   665   666   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет