Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет676/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   672   673   674   675   676   677   678   679   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
745 
Біздің ойымызша, Қазақстан кезекті тарихи жаңару сатысында бүкіла-дамзаттық өрлеу 
үрдісіне сай келу, экологиялық мәселелерді шешу үшін жаңа технологияларды игеріп 
қана қоймай, олардың жаңа түрлерін тудыра алатын дәрежеге көтерілуі қажет. Ол үшін 
жоғары білім бсру саласы ғылым мен техниканың дамуы жаңа дәрежеге көтерілуі 
керек. Сонымен қатар жалаң еліктеушіліктен арылып, өз жеріміз, еліміз, 
руханиятымыздың ерекшеліктерін ескере білуіміз қажет. Қазақстан тіпті де Бразилия, я 
болмаса Оңтүстік Корея, Австралия т.с.с. емес. Адамның өмір сүру құны бізде біршама 
қымбат, өйткені жылына жеті ай бойы от жағу қажет. Біздің елімізге шикізат 
өндірісіне ғана шетел қаражаты келуінің себебі де осында. Қолдағы байлықты 
бағалай біліп, оны әртүрлі деңгейде өңдеп сатудың тиімділігі анағұрлым артық. Ол 
үшін отандық іскерлер тобының қорланған қаражаттарын біріктіріп, ұлттық 
экономиканың әлсіз жақтарына жұмсау қажет. 
Ерекше атап өтетін кемшілік - Батыстағы тұтыну қоғамының үлгілеріне тамсана 
қарап, соған еліктеу болса керек. Бұл жолда біз сәтсіздікке ұшырауымыз мүмкін. 
Біріншіден, біз оларды қуып жету барысында олар бір орында тұрып қалмас. 
Екіншіден, материалдық тәндік-сезімдік өмір жолында өз руханиятымыздан жұрдай 
болып қалуымыз мүмкін. Үшіншіден, «Мерседес» мініп, уланған, жараланған 
аянышты табиғатымыздың ортасында масаттанып жүргеніміз бізге лайықты 
болмас. 
Сондықтан табиғат пен қоғамды өзара үйлесімді дамыту үшін біз болашақта 
өзіміздің рухымызға негізделген жаңа өмірдің сапасын тудыруымыз қажет. Яғни 
адамға керек негізгі қажеттіліктер толығынан өтелуі керек. Олар: ішетін таза су, дем 
алатын таза ауа, сапалы тамақ, биік дәрежедегі барлық адамдар пайдалана алатын білім 
беру және денсаулық сақтау, мәдениет, спорт жүйелері т.с.с. Оның сыртындағы байлық 
табиғатты тазартуға, оны аялауға жұмсалуы қажет. 
Бүгінгі таңда аса керекті нәрсе - табиғаттың, яғни болашақ ұрпақтардың құқын заң 
жүзінде қорғау болмақ. Өйткені адамның өзі - табиғаттың ең әсем гүлі, ол адам 
арқылы ғана өз-өзін сезініп, түсіне алады. Табиғатты бүлдіретін де, оны аялайтын да 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   672   673   674   675   676   677   678   679   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет