Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет679/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   675   676   677   678   679   680   681   682   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
748 
зардабын көруде. Сонымен, құрметті оқырман, халықаралық терроризм мен 
экстремизмнің негізгі қайнар көзі Ислам дінінде емес, дамып келе жатқан елдердің 
аянышты элеуметтік-экономикалық жағдайында екенін түсінген боларсыздар. 
Енді бесінші мәселеге келер болсақ, жоғарыда көрсетілгендей, халықтың білім 
деңгейін көтермей, бүгінгі технологияларды игеру мүмкін емес. Адам тіпті 
әріптерді танып, оқи алғанның өзінде де «функционалдық надандықта» болуы мүмкін. 
Яғни ол компьютерлік технологияларды игеріп, жүмыс істей алмайды. Олай болса, 
білім беру мәселесі де жаһандану үрдісінің негізгі проблемаларының біріне айналып 
отыр. Екінші жағынан, надандық демографиялық мәселені шешуге де кедергі 
тудыратыны белгілі. Дүниежүзілік практика «отбасын жоспарлау» тек сауатты
салауатты да білімі жоғары елдерде ғана іске асатынын көрсетеді. 
Алтыншыдан, соңғы кезде ғалымдар жаһандану үрдісінің негізгі проблемалары 
ретінде денсаулықты сақтау мэселесін атауда. Өйткені бүгінгі таңда адамзаттың 
коршаған ортаны түбегейлі өзгертуі мен адамдардың денсаулығы темендеуінің 
арасындағы байланысты анықтап отыр. Оның куәсі ретінде жүрек, бүйрек, бауыр, 
мұрыннан кан кету, СПИД, қатерлі ісік т.с.с. «цивилизация ауруларын» келтіруге 
болады. Егерде, дамыған елдердегі аурулардың көбі тамакты көп ішу, аз 
қозғалыста болу, шылым шегу, тәндік-сезімдік өмір бағытын үстаудағы жолда 
байлыкты өсіремін деп жұйкені тоздыру т.с.с. себептерден болса, дамып келе жатқан 
елдерде қоршаған ортаның ластануы, баспана киындығы, ішетін ассу сапасының 
төмендігі туберкулез, трахома, малярия т.с.с. «әлеуметтік ауруларды» тудырады. 
Жаһандану үрдісі миллиондаған адамдардың бір елден екіншіге, бір континенттен 
келесіге миграция жасауына әкеліп жатыр. Сондыктан жұқпалы аурулар бүкіл 
Дүниеге кеңінен тарап, адамзаттың үрейін туғызуда... 
Жаһандану мэселелерін шешу жолдарын зерттеуде, негізінен, екі бағыт 
қалыптасты. Олар: технооптимизм (болашақ жарқын) және технопессимизм 
(болашақ касіретті). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   675   676   677   678   679   680   681   682   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет