Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет281/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
321 
ағарған зерденің негізінде құруы керек. 
П.Я.Чаадаевтің көзқарасы Ресейдің біршама зиялыларына зор әсерін тигізіп, 
«батысшылар» тобының қалыптасуына әкелді. Оларға А.И.Герцен, Н.П.Огарсв, 
Т.Н.Грановский, В.Г.Белинский т.с.с. жатқызуға болады. 
В.Г.Белинский Еуропаға сүйсіне табынғандай карап, былай деп жазды: 
«Еуропаның бір жылы Азияға бір ғасыр, Еуропаның бір ғасыры Азияға мәңгіліктей. 
Барлык 
ұлылык, 
асылдык, 
адами-руханияттылык 
Еуропа 
топырағында 
бәйшешектей гүл жарып. өзінің тамаша жемістерін берді. Өмірдің көп келбеттілігі, 
ер мен әйел арасындағы тазалық, әдет-ғұрыптың нэзіктілігі, ғылым мен өнердің 
дамуы, табиғаттың бисаналық күштерін бағындырып игеруі, материяның жеңіліп, 
рухтың көкке карай өрлеуі, адамның кісілігін сыйлап, оның құқтарын бұлжытпай 
сақтауы... – бәрі де Еуропа өмірінің дамуының нәтижелері» - деп қорытады 
В.Е.Белинский. Әрине, ол бүгінгі Батыс руханиятын көрсе, мүмкін мұндай 
көзқараска түзету енгізер ме еді, кім біледі? 
«Батысшылар» Ресейді «византиялық-православиелік» ноқтадан құтқару 
керектігін, тұлғалар өз таңдауының негізінде іс-әрекет жасау мүмкіндігін алуы 
жөнінде біршама терең ойлар айтты. Бірақ олар Батыс Еуропа халықтары 
цивилизацияның бүкіл адамзаттық құндылықтары мен нормаларын іске асырды 
деген жалған ойда болды. 
Славянофилдер қарама-қарсы бағытта болды. Олардың ойынша, Орыс мәдениеті 
православиелік діннің шеңберінде дамуы керек. Олар «патшанікі - патшаға, Құдайдікі 
- Құдайға» деген қағиданы ұстады. Яғни мемлекет тек кана коғамды сырттай өзгерте 
алады, ал ішкі жаңару - православиелік халықтық мәдениетгің ісі. Тек ішкі рухани 
жаңарудың негізінде ғана ізгі коғамды орнатуға болады. И.В. Киреевский мен А.С. 
Хомяков Еуропадағы ағартушылық өзінің ішкі мұмкіншілігін сарқыды, онда 
техникалық алға өрлеу рухани токыраумен қатар жүріп жатыр деген көзқараста 
болды, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет